Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы
жас сайлаушылар клубын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 12) тармақшасына сәйкес Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубы құрылсын.
- Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубының Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Жас сайлаушылар клубының жұмысын қадағалау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары С.С.Кабдолдановаға жүктелсін.
Төраға М.К.Естеуов
Хатшы Ш.К.Нургалиева