Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қадағалау жөніндегі 2025 жылдың ІV тоқсаны бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қадағалау жөніндегі

2025 жылдың ІV тоқсаны  бойынша атқарылған

жұмысы туралы ақпарат

 

Сарқан ауданы бойынша 22 мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар: – аудан әкімінің аппараты - 1, 13 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 6 аудандық бөлімдер, 1 мемлекеттік корпорацияның бөлімі (Халыққа қызмет көрсету орталығы), 1 «Азаматтарды қабылдау орталығы» Сарқан қаласында жұмыс жасайды.  

         2025 жылдың  ІV  тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 938   (839  жеке тұлға, 99 заңды тұлға) оның ішінде  қағаз түрінде – 8 (6 жеке тұлға, 2 заңды тұлға), мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны –12 (12 жеке тұлға, 0 заңды тұлға), электрондық түрде мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –296 (267 жеке тұлға, 29 заңды тұлға), халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы – 101 (  101  жеке тұлға,  0 заңды тұлға), электронды «Еgov» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 521 ( 453 жеке тұлға,  68 заңды тұлға).      

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 25 маусымдағы № 101 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  іс - қимыл     агенттігі    Төрағасының   2016  жылғы  8 желтоқсандағы №78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қағидасына,  Сарқан ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау туралы  іс – шаралар  жоспарына сәйкес 2025 жылдың  ІV тоқсанында 2 (екі) мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Дайындалған актілердің саны - 2. Атап айтқанда:

    «Қойлық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Сарқан қаласы әкімінің аппараты». №1 қосымшаға сәйкес жолданып отыр.  

    Ішкі бақылауға сәйкес, біліктілікті арттыру бойынша 2 (екі) ұсыныс беріліп, 2026 жылдың І жартыжылдығына дейін  орындау жоспарланып отыр.

     Ішкі бақылау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап ету фактілері анықталмады. 

        Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.

       Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін жетілдіру бойынша, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру және электронды түрде оларды көрсетуге көшіру бойынша ұсыныстар болмады.

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар (нормативтік құқықтық актінің атауын, нөмірін және күнін көрсете отырып) ұсыныстар болмады.

        Жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізу бойынша ұсыныстар болмады.

       Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден 3 бас тартулар болды.

      «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметі бойынша 3 бас тарту, барлығы жеке тұлға. Құжаттары №2 қосымшаға сәйкес жолданып отыр.

       Қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар; Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  арыз – шағымдар түскен жоқ.

      Қабылданған шараларды көрсете отырып, көрсетілетін қызметтерді алушылардың бұзылған құқықтары анықталмады.         

       Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың ІV тоқсанында  барлығы  57  іс-шара өткізілді. Оның ішінде, «Қызмет лайф» жобасы аясында өткізілген тікелей эфир 1, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі 5, түсіндіру жұмысы 41, дөңгелек үстелдер 7,  акция  2 және  1  жиын өткізілді. Аталған шараларға барлығы  5156  адам қатысты.          

         Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді  насихаттау бойынша  аудандық «Сарқан» газетінде 32 мақала жарық көрді. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары халық арасында үнемі насихатталып, жүргізілуде.  

         Өткізілген шаралар мен  мақалалар жарияланған газет тізімінің  сілтемелері №3  қосымшаға сәйкес жолданып отыр.

        

     

Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қадағалау жөніндегі 2025 жылдың ІV тоқсаны бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
13 января 2026