«Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2025 жылы атқарған жұмыстары
туралы
Мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көрсетілген көмектер түрлері
2025 жылы техникалық көмекші құралдарға мүгедектігі бар 281 адамнан өтініш қабылданып, қамтамасыз етілді;
Мүгедек және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуге 185 адамнан, ымдау тілі маманының қызметіне мүгедектігі бар 11 адамнан өтініш қабылданып, қамтамасыз етілді;
Аудан көлемінде арнаулы жабдықталған бір «Инватакси» автокөлігі 64 мүгедектігі бар адамдарға 6095 рет қызмет көрсетті.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 2026 жылдың 01 қаңтарына 245 отбасының 1304 азаматына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 174 млн 257 мың 638 теңге төленді.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Чернобыль апатына қатысқан 10 азаматқа (196 мың 600 теңгеден) 1 млн. 966 мың теңге, Таулы Қарабах қақтығысына қатысқан 7 азаматқа (196 мың 600 теңгеден) 1 млн. 376 мың 200 теңге және Тәжік-Ауған учаскесінде міндеттерін орындаған 14 азаматқа (196 мың 600 теңгеден) 2 млн. 752 мың 400 теңге, 152 тыл ардагерлеріне (102 мың 200 теңгеден) 15 млн 534 мың 400 теңге және Ауған соғысына қатысқан 38 ардагерге 7 млн 470 мың 800 теңге, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алған 3 азаматқа (102 мың 200 теңгеден) 306 мың 600 теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді.
Туберкулез ауруына шалдыққан 29 адамға 4 млн 180 мың 741 теңге біржолғы әлеуметтік көмек, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балалары бар отбасылардың 105 баласына 8 млн 497 мың 144 теңге төленді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған 7 адамға 412 мың 860 теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек төленді.
«Тұрғын үй көмегін көрсету» бағдарламасы бойынша 124 отбасының 694 азаматына 14 млн. 845 мың 040 теңге төленді.
«Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 3 млн 660 мың 566 теңгеге, 47 балаға көмек көрсетілді.
2025 жылға Сарқан ауданының мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бейімдеуге жататын 14 нысанына 11 млн 909 мың 900 теңге қаражат жоспарланып, (білім саласының 2 объектісі, әлеуметтік қамсыздандыру 1 обьекті, денсаулық сақтау 8 объектісі, спорт саласы 2, әкімшілік 1 объекті) бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жеке меншік нысандардың 92 обьектісіне хабарлама берілді. 30 обьектіде пандус қойылды, бейімдеу жұмыстары ішінара жүргізілуде.
«Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жыл басынан шетел азаматтарынан 574 өтініш қабылданып, рұқсат берілді.
19 әрекетке қабілетсіз азаматқа қорғаншылық тағайындалды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі қазіргі уақытта 45 балаға қызмет көрсетеді. Оның ішінде психоневрологиялық ауытқуы бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны - 18; Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны - 9; Он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар балалар саны - 18.
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде бүгінгі күнге 118 адамға қызмет көрсетілуде.