Сарқан ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы

Сарқан ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 7 509 218 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 3 427 067 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 285 257 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 457 736 мың теңге;

трансферттер түсімі 3 339 158 мың теңге;

2) шығындар 7 594 738 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу  120 900 мың теңге, оның ішінде:

   бюджеттік кредиттер 173 000 мың теңге;

   бюджеттік кредиттерді өтеу  52 100 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) -206 420 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                        206 420 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 673 000 теңге;

қарыздарды өтеу 466 580 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.».

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 299 225  мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

 Амангелді ауылдық округіне        – 29 310 мың теңге;

 Аманбөктер ауылдық округіне     – 37 055 мың теңге;

 Бакалы ауылдық округіне             – 17 911 мың теңге;

 Екіаша ауылдық округіне            – 32 611 мың теңге;

 Қарабөгет ауылдық округіне       – 13 756 мың теңге;

 Қарашыған ауылдық округіне    – 28 411 мың теңге;

 Қойлық ауылдық округіне          – 14 669 мың теңге;

 Көктерек ауылдық округіне         – 29 154 мың теңге;

 Лепсі ауылдық округіне                – 34 994 мың теңге;

 Черкасск ауылдық округіне         – 28 585 мың теңге;

 Шатырбай ауылдық округіне      – 32 769 мың теңге.

3 Ауданның жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 94910 мың теңге сомасында бекітілсін.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

М. Разбеков

 

Сарқан ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы
Дата публикации
19 декабря 2025