Сарқан ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «__» ________
№____ қаулысына
№ 1-қосымша
«Сарқан ауданының кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
6.Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
11.Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) құқықтары:
1-1). өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
1-2).әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты шараларды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды жүзеге асыру;
1-3). «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202, 204-4-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуге байланысты жұмыстар мен іс-шараларды жүзеге асыру;
1-4). әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;
1-5). барлық қажетті ақпаратты сұратуға, профилактикалық бақылау және қадағалау нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқылы;
1-6). профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
1-7). тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге міндетті;
1-8). Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға қатысады;
1-9). жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындауға қатысады;
1-10). сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыруға қатысады;
1-11). мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
1-12). Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген компентенция шеңберінде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін ауданның жергілікті атқарушы органдарының басқа мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін тарту;
1-13). Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан,ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату;
1-14). Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
2-1). жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдем көрсетеді;
2-2). жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;
2-3). жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
2-4). мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізуге бастамашылық жасау;
2-5). жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындайды;
2-6). барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында бөлімнің мүдделерін білдіру;
2-7). Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;
2) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
4) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға талдау жүргізу;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмекті ұйымдастыру;
6) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
7) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыруға қатысады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
6) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
\