Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту🔑 Қайырлы күн оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт: 📌Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз 📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз 📌Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз 📍Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін: 📎Еркін түрде жазылған өмірбаян 📎Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті 📎Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі 📍 Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса: 📎Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат 📎 Өтініш беріледі 📚Мәртебе мерзімі: 🕐 Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады. 🕕 Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз. ⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде: ✔️Мәртебені алу – 15 жұмыс күні ✔️Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні ☝️Ескерту! Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.