Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 35-140 «Сарқан ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1.«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 8 936 921 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 1 783 386 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 12 223 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 33 047 мың теңге;
трансферттер түсімі 7 108 265 мың теңге;
2) шығындар 11 563 552 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 104 238 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 149 416 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 45 178 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) -2 730 869 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 730 869 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 2 108 891 теңге;
қарыздарды өтеу 45 178 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 667 156 мың теңге.».
|
Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы |
|
М. Разбеков |