Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сұраныс деңгейіне жүргізілген талдаудың нәтижесінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы көрсетілетін 15 неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер анықталды. Бүгінгі күні азаматтардың елеулі бөлігі eGov.kz порталы арқылы электронды форматта қолжетімді анықтамаларды алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (өзіне-өзі қызмет көрсету секторы) бөлімдеріне жүгінуді жалғастыруда. Осыған байланысты сіздерге eGov.kz веб-порталы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ бірқатар анықтамаларды электронды түрде алуға болады, атап айтсақ:
Сондай-ақ, аталған анықтамаларды азаматтар аудандық/қалалық әкімдіктердің, ауылдық/қалалық округтер әкімдіктерінің, аудандық бөлімдердің (қызмет көрсетуші ұйымдар), мектептердің, кітапханалардың, ауруханалардың, балабақшалардың ғимараттарында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан» ала алады.