ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығына сәйкес, «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сарқан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында үкіметтік емес ұйымдармен жария талқылау үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты жариялайды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін интернет-ресурсқа келіп түскен ескертулер және (немесе) қаралмайды немесе келесі қаржы жылына арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескерілуі мүмкін.
|
Мемлекеттік әлеуметтік |
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар ұйымдастыру
|
1,5 млн.теңге
|
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңы. |
Аудан тұрғындары, ұйым қызметкерлері, жастар |
Қоғамның барлық тобын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру |
|
2
|
Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл әрекеттеріне жол бермеу және алдын-алуға бағытталған шаралар
|
1,5 млн.теңге
|
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» № 483-ІV Заңы. |
Аудан тұрғындары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, жастар, дін ұстанушылары |
Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл әрекеттеріне жол бермеу және алдын-алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары |
|
3 |
Адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлізайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар |
1 млн.теңге
|
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518-ІV Кодексі. |
Аудан тұрғындары, көпбалалы мерейлі отбасылар, жастар |
Отбасы құндылықтарын дәріптеу |
|
4 |
Нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы ақпараттық - түсіндіру шаралары
|
1 млн.теңге
|
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспар |
Аудан тұрғындары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар жастар |
Салауатты өмір салтын насихаттау |
|
|