Сарқан ауданының Аманбөктер, Екіаша ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы

Хабарлама

Сарқан ауданы Аманбөктер ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы

 

          2025 жылғы 15 маусымда Аманбөктер сайлау округі бойынша Аманбөктер ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

         Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

 

         Аманбөктер округі бойынша сайлаушылар тізіміне 220 азамат енгізілді, олардың 188-і (85,5%) дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, "бәріне қарсы" деген жолда -0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Айтақын Сержан. - 19 адам (10,6%)

          Кыдырбаев Айбол Толегенович. – 138 адам  (76,7%)

          Сейтқазы Толеубек Советбекұлы. – 23 адам  (12,8%)

         

          Аманбөктер ауылдық округінің сайланған әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша 1974 жылы туған Кыдырбаев Айбол Толегенович Аманбөктер ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман. Сарқан ауданы, Баянбай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан.

          Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11-бабынының 1 тармағына сәйкес 2025 жылғы 15 маусымда  сайланған Сарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округінің әкімін 2025 жылғы 15 маусымдағы шешімімен тіркеді.                   

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

Хабарлама

Сарқан ауданы Екіаша ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы

 

          2025 жылғы 15 маусымда Екіаша сайлау округі бойынша Екіаша ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

         Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сарқан ауданының Екіаша ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

 

         Екіаша округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1427 азамат енгізілді, олардың 1142-і (80,0%) дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 36, "бәріне қарсы" деген жолда -0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Дюсембеков Даулет Адильжанович. - 838 адам (75,7%)

          Ерланұлы Ұлан. – 153 адам  (13,8%)

          Сейтханова Гульнур Оралхановна. – 115 адам  (10,4%)

         

          Екіаша ауылдық округінің сайланған әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша 1986 жылы туған Дюсембеков Даулет Адильжанович Екіаша ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты», әкім.  Екіаша ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан.

          Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11-бабынының 1 тармағына сәйкес 2025 жылғы 15 маусымда  сайланған Сарқан ауданының Екіаша ауылдық округінің әкімін 2025 жылғы 15 маусымдағы шешімімен тіркеді.              

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Сарқан ауданының Аманбөктер, Екіаша ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы
Дата публикации
16 июня 2025