ҚР Заңына сай такси қызметін заңды түрде ұйымдастыру

ҚР Заңына сай такси қызметін заңды түрде ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында такси қызметін жүзеге асыру үшін белгілі бір заң талаптарын сақтау қажет. Бұл талаптар «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңы, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңы және «Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларымен» реттеледі.

1. Жеке кәсіпкер (ИП) ретінде тіркелу

Такси қызметін бастау үшін алдымен eGov порталы немесе ХҚКО арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет. Қызмет түрінің коды (ОКЭД) – 49.32 (Такси қызметтері).

2. Қызметті бастау туралы хабарлама жіберу

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының 27-1 бабына сәйкес, такси қызметін бастамас бұрын қызметті бастау туралы хабарлама жіберу міндетті. Хабарламаны eGov.kz арқылы немесе әкімдік арқылы жолдауға болады.

3. Автокөлікті заң талабына сай дайындау

«Жолаушыларды тасымалдау қағидаларының» 123-тармағына сәйкес, такси көлігі:
- Жолға жарамды күйде болуы;
- Шашка жолақтары мен «TAXI» шамы болуы;
- Міндетті сақтандыру (ОС ГПО) болуы;
- Қалааралық маршрутта тахографпен жабдықталуы тиіс.

4. Жүргізушіге қойылатын талаптар

«Автомобиль көлігі туралы» Заңның 21-бабына және Қағидалардың 106, 112, 113-тармақтарына сәйкес:
- Жүргізушіде B санатындағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс;
- Жолға шығар алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өтуі тиіс;
- Жол жүру қауіпсіздігі мен жолаушыға жайлы жағдай жасау міндетті;
- Рөлде телефонмен сөйлесуге және темекі шегуге тыйым салынады (110-тармақ).

5. Такси жүргізушісі ретінде сіздің міндеттеріңіз

ҚР Заңының 23-бабына және Қағидалардың 108-тармағына сәйкес:
- Көліктің техникалық жағдайын бақылау;
- Медициналық тексеруді ұйымдастыру;
- Құжаттарды (чектер, келісімшарттар) сақтау;
- Санитарлық талаптарды және ЖҚЕ (ПДД) сақтау.

6. Yandex, InDriver сияқты агрегатор арқылы жұмыс

Егер сіз тапсырысты Yandex Go, InDriver сияқты мобильді қосымшалар арқылы қабылдайтын болсаңыз да, заң талаптарынан босатылмайсыз. Сіз жеке кәсіпкер ретінде:
- ИП ретінде тіркелу;
- Хабарлама жіберу;
- Автокөлікті заң талаптарына сай жабдықтау;
- Медициналық тексеруден өту;
- Барлық заң талаптарын сақтау міндетті.
Агрегатор тек клиент табуға көмектеседі, бірақ сіздің ресми жұмыс орныңыз емес.

Қорытынды

Такси қызметін заңды түрде атқару үшін ИП тіркеу, хабарлама жолдау, көлік пен жүргізушінің талаптарға сай болуы қажет. Бұл талаптарды орындау айыппұлдан қорғайды және клиент сенімін арттырады.

 «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

ҚР Заңына сай такси қызметін заңды түрде ұйымдастыру
Дата публикации
14 мая 2025