«Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ келесі мемлекетттік қызметтерді көрсетеді:
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру
- Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру
- Тұрғын үй сертификаттарын беру
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу
- Ағаштарды кесуге рұқсат беру
- Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты
- Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
- Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама
- Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу
- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару
- Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту
- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелерге сай жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге 2025 жылдың басынан «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі бойынша – 5 қызмет көрсетілді.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша 57 өтініш тіркеліп, кезекке қойылды. Оның ішінде:
- Әлеуметтік әлсіз топтар – 32 қызмет;
- Көп балалы отбасы – 17 қызмет;
- Мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері – 7 қызмет;
- Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1 қызмет көрсетілді.
Сарқан ауданында бүгінгі күнде тұрғын үй кезегінде жалпы 818 азамат тұр. Оның 166 жетім балалар, 298 әлеуметтік әлсіз топтар, 198 көп балалы, 154 мемлекеттік бюджеттік қызметкерлер және 1 тұрғын үйі авариялық деп танылған санаттағы азаматтар, ҰОС ардагеріне теңестірілгендер - 1 азамат.
Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарламаны - 6 азамат жолдаған.