"Дипломмен ауылға" кімдер бара алады

Бағдарламаға ауылдық жерлерге барған немесе бұрыннан тұрып жатқан мамандар қатыса алады. Бірақ нақты салалар белгіленген. Олар:

  1. денсаулық сақтау;
  2. білім беру;
  3. әлеуметтік қамсыздандыру;
  4. мәдениет;
  5. спорт;
  6. агроөнеркәсіптік кешен мамандары;
  7. ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері;

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекеніне қажетті мамандардың тізбесін жасап отырады. Осы тізім бойынша жұмысқа келген адамдарға жеңілдетілген кредиттер мен жәдемақы беріледі.

Кредиттің сомасы өсті

Бұған дейін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, биылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңгеге) дейін өсті. Ал аудан орталығына барған мамандар 2 500 АЕК (9,2 млн теңге) кредит рәсімдей алады. Ақша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ғана беріледі.

Кредиттің шарттары:

мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады);

мерзімі – 15 жыл;

Негізгі талапқа сәйкес, кредит алған адам ауылдық жерде өз мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Көрсетілген жобаға  otbasybank.kz  сайты арқылы өтініш тастау үшін қажетті құжаттар тізімі:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
  • сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
  • Кредиттік бюродан есеп;

      Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.

 

"Дипломмен ауылға" кімдер бара алады
Дата публикации
12 мая 2025