Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қадағалау жөніндегі
2025 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған
жұмысы туралы ақпарат
Сарқан ауданы бойынша 22 мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар: – аудан әкімінің аппараты - 1, 13 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 6 аудандық бөлімдер, 1 мемлекеттік корпорацияның бөлімі (Халыққа қызмет көрсету орталығы), 1 «Сервистік әкімдігі» Сарқан қаласында жұмыс жасайды.
2025 жылдың І тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 880 (846 жеке тұлға, 34 заңды тұлға) оның ішінде қағаз түрінде – 0 (0 жеке тұлға, 0 заңды тұлға), мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 148 (123 жеке тұлға, 25 заңды тұлға), электрондық түрде мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –69 (69 жеке тұлға, 0 заңды тұлға), халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы – 66 ( 66 жеке тұлға, 0 заңды тұлға), электронды «Еgov» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 572 ( 563 жеке тұлға, 9 заңды тұлға).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 25 маусымдағы № 101 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қағидасына, Сарқан ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау туралы іс – шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылдың І тоқсанында 1 (бір) мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Дайындалған актілердің саны - 1. Атап айтқанда:
«Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрлысы бөлімі» ММ. №1 қосымшаға сәйкес жолданып отыр.
Сонымен қатар, біліктілікті арттыру бойынша 1 (бір) ұсыныс беріліп, орындалу мерзімі 2025 жылдың маусым айына дейін жоспарлануда.
Ішкі бақылау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап ету фактілері анықталмады.
Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін жетілдіру бойынша, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру және электронды түрде оларды көрсетуге көшіру бойынша ұсыныстар болмады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар (нормативтік құқықтық актінің атауын, нөмірін және күнін көрсете отырып) ұсыныстар болмады.
Жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізу бойынша ұсыныстар болмады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар болмады.
Қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар; Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыз – шағымдар түскен жоқ.
Қабылданған шараларды көрсете отырып, көрсетілетін қызметтерді алушылардың бұзылған құқықтары анықталмады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары; 2025 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында барлығы 27 іс-шара өткізілді. Оның ішінде, «Қызмет лайф» жобасы аясында өткізілген тікелей эфир 3, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі 3, түсіндіру жұмысы 8, дөңгелек үстелдер 7, акция 2 және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 1 жиын өткізілді. Сонымен қоса, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Елге қызмет» бағдарламасы аясында 1 репортаж түсіріліп, 2 видеоролик дайындалды. Аталған шараларға барлығы 9202 адам қатысты.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің алу тәртібі туралы және сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, насихаттау бойынша БАҚ-на 25 мақала жарияланды. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары халық арасында үнемі насихатталып, жүргізілуде. Өткізілген шаралар мен мақалалар жарияланған газет тізімінің сілтемелері №2 қосымшаға сәйкес жолданып отыр.