3-қосымша
Нысан
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1 |
«Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қандай көмек көрсетіледі? |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит. |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген мамандарға екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит. |
ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.11.2014 жылғы |
Дипломмен ауылға |
|
2 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тіркелуге болады? |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тіркелуге Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады.
|
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тіркелуге Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, келесі құжаттарды ұсыну керек: өтініш, әскери қызметшілер, жұмыс орнынан анықтама, медициналық анықтама, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжат, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын қоспағанда) соңғы он екі ай ішінде табысы туралы мәліметтер. |
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71,72 -баптарына сәйкес. |
Тұрғын үй мәселесі |
|
3 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Мемлекеттен сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма? |
Сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғын үйді тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес тұрғын үй инспекциясы бөліміне қажетті құжаттарды ұсынып, жекешелендірілуі мүмкін. |
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй тұрғын үй инспекциясы бөліміне мынадай құжаттарды ұсынған кезде жекешелендірілуі мүмкін: сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жалға алушының барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері қол қойған өтініш, өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелері, неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама, жалдау шартының көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы құжат, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама және мемлекеттік тұрғын үйді өтеусіз (тегін) жекешелендіруге құқығы бар азаматтар қатарына жататындығын растайтын анықтама. |
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы.
|
Мемлекеттік тұрғын үй |
|
4 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қандай ұйымдар жүргізеді? |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқығына ие мекемелер газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетеді. |
Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын осы салада арнайы дайындықтан өткен және тиісті рұқсаты бар ұйымдар ғана жүргізеді. |
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 30-бабы, 2-тармағы. |
Газ жүйесіне техникалық қызмет көрсету |
|
5 |
«Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ |
Автобус бағытында қызмет көрсететін көліктерді ауыстыру талаптары қандай? |
Автобус бағытына қызмет көрсететін автокөлікті ауыстыруға мынадай сипаттамалар болған кезде рұқсат етіледі: 1) ауыстырылатын көліктің класы және шығу жылы ұқсас болу керек; 2) көліктің класы және шығарылған жылынан төмен емес болу керек; 3) көліктің класы және шығарылған жылынан төмен емес болып табылған жағдайда. |
Автобус бағытында қызмет көрсететін көлікті ауыстыруға келесі сипаттамалар болған жағдайда рұқсат бередi: 1) ауыстырылатын көліктің класы және шығу жылы ұқсас болу керек; 2) көліктің класы және шығарылған жылынан төмен емес болу керек; 3) көліктің класы және шығарылған жылынан төмен емес болып табылған жағдайда. |
«Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңы.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары |
Жылжымалы құрамды ауыстыру |
|
6 |
«Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ |
Пайдаланылатын автомобиль жолдары қандай түрлерге бөлінеді? |
Пайдаланылатын автомобиль жолдары маңызына қарай халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі жолдарға бөлінеді. |
Пайдаланылатын автомобиль жолдары маңызына қарай төртке бөлінеді: халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық. |
«Автомобиль жолдары туралы» ҚР 07.07.2001 жылғы Заңы. |
Жолдарды жөндеу жұмыстары |
|
7 |
«Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ |
Сәулет-құрылыс саласында жұмыс жүргізетін мекемелерде қандай лицензиялар болу керек? |
Сәулет-құрылыс саласында жұмыс жүргізетін мекемелерде келесі лицензиялар болу керек: 1. «Іздестіру қызметіне лицензия беру»; |
Сәулет-құрылыс саласында жұмыс жүргізетін мекемелерде келесі лицензиялар болу керек: 1. «Іздестіру қызметіне лицензия беру»; |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а 09.12.2014 жылғы №136 бұйрығы |
Лицензия алу |
|
8 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар ұсыну қажет? |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін келесі құжаттар ұсыну керек: өтініш, өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері некеге тұру бұзу, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері, пәтерде ресми түрде тұрып жатқаныңызды растайтын құжат, тұрғын үй бар-жоғы туралы анықтама, халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама. |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін келесі құжаттар ұсыну керек: өтініш, өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері некеге тұру бұзу, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері, пәтерде ресми түрде тұрып жатқаныңызды растайтын құжат, тұрғын үй бар-жоғы туралы анықтама, халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама.
|
«Тұрғын қатынастары туралы» ҚР Заңы.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.08.2021 жылғы №437 бұйрығы. |
Тұрғын үй мәселесі |
|
9 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Тұрғын үй сертификатын қалай алуға болады? |
Тұрғын үй сертификатын алу үшін жергілікті әкімдікке хабарласуға немесе электронды жүйе арқылы өтініш беруге болады. |
Тұрғын үй сертификатын алу үшін тиісті құжаттарды жергілікті әкімдікке немесе электрондық жүйе арқылы ұсыну керек: 1.Өтініш; 2️. Жеке куәлік – Сіздің және отбасы мүшелеріңіздің; 3. Соңғы 6 айдағы табыстар туралы анықтама – Өзіңіздің, жұбайыңыздың, балаларыңыздың табысы туралы анықтама; 4. Жұмыс орнынан анықтама, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататыныңыз туралы растайтын құжат. 5. Банк хаты – Бұл хатта: *банк сізге ипотека беруге келісім бергенін, *қанша алғашқы жарна төлеу керек екенін, *ай сайын қанша төлейтініңіз көрсетіледі. |
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.06.2019 жылғы №417 бұйрығы. |
Тұрғын үй сертификаты |
|
10 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Су жүйесіндегі авариялық жағдайды жою туралы өтінімді қайда беруге болады? |
Су жүйесіндегі авариялық жағдайды жою туралы өтінімді жергілікті жердегі су құбыры мекемесіне беруге болады. |
Су жүйесінде авариялық жағдайды жою үшін жергілікті су құбыры мекемесіне хабарласып, өтінім беруге болады.
|
ҚР Құрылыс саласындағы нормалары мен ережелері. |
авариялық жағдайы. |
|
11 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Су бұру желілеріне қалай қосылуға болады? |
Сізге жергілікті жердегі су құбыры мекемесіне өтініш білдіріп, сұ құбыры желілеріне қосылуыңызға болады. |
Сізге жергілікті жердегі су құбыры мекемесіне өтініш білдіріп, сұ құбыры желілеріне қосылуыңызға болады. |
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы. ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 жылғы №293 бұйрығы. |
су бұру желілері |
|
12 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Сарқынды суларды сору қызметін қалай алуға болады? |
Сарқынды суларды сору қызметін алу үшін, Сіз жергілікті жердегі су құбыры мекемесіне жүгінесіз. |
Сарқынды суларды сору қызметін алу үшін, Сіз жергілікті жердегі су құбыры мекемесіне жүгінесіз. |
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің 06.10.2011 жылғы бұйрығы. |
септик тазалау |
|
13 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Су тұтынуды есепке алу құралын қалай орнатуға болады? |
Су тұтынуды есепке алу құралын орнату үшін су құбыры мекемесіне өтініш білдіре аласыз. |
Су тұтынуды есепке алу құралын орнату үшін су құбыры мекемесіне өтініш білдіре аласыз. |
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларының 49-тармағы. |
су тұтынуды есепке алу құралы |
|
14 |
«Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Сумен жабдықтау және су бұру қызметін қалай алуға болады? |
Су құбыры мекемесімен келісім-шарт жасау арқылы сумен жабдықтау және су бұру қызметін алуға болады. |
Су құбыры мекемесімен келісім-шарт жасау арқылы сумен жабдықтау және су бұру қызметін алуға болады. |
"Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының 26-бабы, 2-тармағының 8-тармақшасы |
сумен жабдықтау |
|
15 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады? |
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін жергілікті әкімдікке өтініш беру арқылы, кезектілікке сәйкес алуға болады. |
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен жүгініп, бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай, не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезектілікке сәйкес беріледі. |
ҚР «Жер кодексінің» 44-1 бабына сәйкес |
Жер учаскесі |
|
16 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Бос тұрған жер учаскесін қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қалай алуға болады? |
Қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бос жер учаскесін алу үшін жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет. |
Жергілікті атқарушы органға өтініш білдіре отырып, жер заңнамасының талаптарына сәйкес жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бос жер учаскесін алуға болады. |
ҚР «Жер Кодексінің» 19, 23, 43, 50, 51 ,52-баптары, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы. |
Жер учаскесі |
|
17 |
«Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ |
Су беру қызметін субсидиялауға өтінім беру мерзімдері қандай?
|
Су беру қызметін субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасуына байланысты әр жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады. |
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасуына байланысты әр жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады. |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2015 жылғы «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту» туралы» № 6-3/597 бұйрығы. |
Су беру құнын субсидия лау |
|
18 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Шаруа қожалықтан қалай жеке бөлініп шығуға болады? |
Шаруа қожалық мүшелерінің жалпы жиналысында дауыс беру арқылы жеке бөлініп, шығуға болады. |
Шаруа қожалықтан бөлініп шығу үшін жер заңнамасына сәйкес үлестік меншікке қатысушылардың жалпы жиналысында хаттама толтырылып, дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. |
ҚР «Жер кодексінің» 54 -бабына сәйкес |
Шаруа қожалықтан бөліну туралы. |
|
19 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жерді жалға алу шартының мерзімін ұзартуға бола ма? |
Жерді жалға алу шартының мерзімі аяқталуға 3 ай уақыт қалғанға дейін жергілікті әкімшілікке өтініш білдіру арқылы ұзартуға болады. |
Жер заңнамасының талаптарына сәйкес, жерді жалға алу шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 3 ай қалған мерзімде жергілікті әкімшілікті жазбаша хабардар ету қажет. |
ҚР «Жер кодексінің» 37- бабының 2 -тармағына сәйкес |
Жер учаскесі |
|
20 |
«Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ |
Мал суаруға арналған ұңғыманы бұрғылауға субсидия алу үшін қайда барамын? |
Мал суаруға арналған ұңғыманы бұрғылауға субсидия алу үшін жергілікті әкімшілікке жүгінуіңіз қажет. |
Мал суаруға арналған ұңғыманы бұрғылауға субсидия алу үшін жергілікті әкімшілікке келесі іс-әрекеттерді атқарып, құжаттарды ұсыну қажет: 1) өз қаражатыңыз есебінен ұңғыманы немесе құдықты бұрғылау; 2) субсидиялауға өтінім беру қажет; 3) жұмыс шарты, орындалған жұмыстар актісі, төлемді жүзеге асыруды растайтын төлем құжаттары, объектіні пайдалануға беру актісі және ұңғыманың паспорты. Сондай-ақ Сізде 50 шартты бас ірі қара мал басы болуы міндетті. |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.07.2018 жылғы «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 317 бұйрығы. |
Мал суаруға арналған ұңғыманы бұрғылаудың субсидиясы туралы |
|
21 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Шаруа қожалығын жүргізу үшін жерді қалай алуға болады? |
Жер заңнамасының талаптарына сәйкес жарияланған конкурсқа тиісті құжаттарды ұсына отырып, конкурс қорытындысына сәйкес жер алуға болады. |
Жер заңнамасына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа тиісті құжаттарды ұсына отырып, алуға болады. |
ҚР «Жер кодексінің» 43-1 – бабына сәйкес |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс ұймдастырутуралы |
|
22 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады? |
Жер учаскесі орналасқан жердегі әкімдікке өтініш беру арқылы конкурсқа қатыса отырып, коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды салу үшін жер учаскесін алуға болады. |
Жер учаскесі орналасқан жердегі әкімдікке өтініш беру арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсқа қатыса отырып, коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды салу үшін жер учаскесін алуға болады, сондай-ақ жер учаскелері сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) қойылған уақытта алуға болады. |
ҚР 16.07.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 47 – бабына сәйкес. |
Коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды салу үшін жер телімін алу туралы. |
|
23 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер қатынастары саласында қандай қызмет түрлері бар? |
Жер қатынастары саласы бойынша 13 мемлекеттік қызмет түрлері бар.
|
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес жер қатынастары саласы бойынша келесі мемлекеттік қызмет түрлері бар: 1) «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту»; 11) жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту; 12) Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу; 13) жер учаскесін жалдау шартының төлнұсқасын беру туралы. |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 жылғы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығы. |
Жер қатынастары |
|
24 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін жер учаскесін қалай алуға болады? |
Кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін жер учаскелерін аукциондарға қояды. Аукциондарға қатыса отырып, жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттық (аукциондар) немесе жер учаскелерін жалдау құқығы орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жүзеге асырылады. |
Қолданыстағы жер заңнамасының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін жер учаскесін беруді сауда-саттық (аукциондар) арқылы жүзеге асырады. Жер учаскелерін орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жүзеге асырылады. |
ҚР «Жер кодексінің» 48-бабына сәйкес |
Жер учаскесі |
|
25 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Шаруа қожалығын дамыту үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру, жалдау қалай жүргізіледі? |
Жер заңнамасының талаптарына сәйкес шаруа қожалығын дамыту мақсатында жер учаскелерін беру, жалдау құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады. |
Жер заңнамасының талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру, жалдау құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жер комиссиясы тендерлік ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және инвестициялық жобаның болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспарға сәйкес ұпайлар беру арқылы жеңімпаз конкурстық өтінімді анықтайды. Жеңімпаз - ең көп ұпай жинаған қатысушы болады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады. |
ҚР «Жер кодексінің» 43-1-бабы сәйкес |
Шаруа қожалығын дамыту үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру, жалдау туралы. |
|
26 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер учаскесін ауданның арнайы жер қорына өткізсем бола ма? |
Ауданның арнайы жер қорына жер учаскелерін өткізуге болады. |
Ауданның арнайы аудан қорына жер учаскелерін өткізу үшін жеке және заңды тұлғалардан құзыретті органға өтініш түсіру арқылы жүзеге асады. |
ҚР «Жер Кодексінің» 82, 100-баптары, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31-бабының 1 - тармағының 10) тармақшасына сәйкес. |
Жер учаскесі |
|
27 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жеке шаруа қожалығынан тиесілі жер үлесін қалай бөліп алуға болады? |
Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру үшін қатысушылар құрамы шыққан кезде қатысушылардың шешімі бойынша үлесін немесе пайын бөліп алуға болады. |
Жер заңнамасының талаптарына сәйкес жер учаскелеріне қатысты өздеріне тиесілі құқықтарын, оның ішінде шарттық жер үлестеріне құқықтарын шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген азаматтар шаруа қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру үшін қатысушылар (мүшелер) құрамынын шыққан кезде қатысушылардың (мүшелердің) шешімі бойынша үлесін немесе пайын бөліп шығаруға құқылы. Жеке шаруа қожалығынан бөлініп шығу өтініш арқылы жүзеге асырылады, нормативтік құқықтық актіні жергілікті жер қатынастары бөлімі шығарады. |
ҚР «Жер кодексінің» 101-бабының 3-тармағы. |
Жер учаскесі |
|
28 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер учаскесін аудандық жер қорына қалай қайтаруға болады? |
Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң нотариатты куәландырған жазбаша жер мәселелері жөніндегі уәкілетті органға өтiнiшi негiзінде аудандық жер қорына қайтаруға рұқсат беріледі. |
Жер заңнамасының талаптарына сәйкес меншiк құқығынан ерікті түрде бас тартқан кезде, жер учаскесі меншік иесiнің нотариатты куәландырған жазбаша жер мәселелері жөніндегі уәкілетті органға өтiнiшi негiзінде аудандық жер қорына қайтаруға рұқсат беріледі. |
ҚР «Жер кодексінің» 82-бабына сәйкес |
Жерді қайтару |
|
29 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Шаруа қожалығының басшысын қалай тағайындауға болады? |
Шаруа қожалықтың басшысын тағайындау үшін шаруалық мүшелері жиын өткізіп, дауыс беру арқылы сайлайды, хаттама толтырады.
|
Шаруа қожалықтың басшысын тағайындау үшін шаруалық мүшелері - ортақ меншiк иелері жиын өткізіп, дауыс беру арқылы сайлайды, хаттама толтырылады. Ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн пайдалану тәртiбiн үлестiк меншiкке қатысушылардың отырысында көпшiлiк даусымен қабылданады. Шаруа қожалығының басшысы 18 жасқа толған кез келген әрекетке қабілетті ҚР азаматы бола алады. |
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 42-бабына сәйкес |
ШҚ басшысын тағайындау |
|
30 |
«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат дегеніміз не? |
Жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжат, сондай-ақ мұрагерлікке құқығы туралы растайтын құжат. |
Жер заңнамасының талаптарына сәйкес жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжат, сондай-ақ мұрагерлікке құқығы туралы растайтын құжат. |
ҚР «Жер кодексінің» 12 - бабының 24) тармақшасы. |
Жер учаскесі |
|
31 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар? |
Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын келесі жұмыс орындары бар: 1. Жастар практикасы; 2.Алғашқы жұмыс орны; 3. Ұрпақтар келісімшарты; 4. Күміс жас; 5. Қоғамдық жұмыстар; 6. Әлеуметтік жұмыс орындары. |
Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз азаматарға «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы. Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мекен-жайы бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы порталына» онлайн түрде өтінім бере алады. |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығы. |
Субсидияланатын жұмыс орындары |
|
32 |
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ |
Ем қабылдау үшін емханаға қалай тіркелуге болады? |
Ем қабылдау үшін емханаға онлайн, барып және телефон арқылы тіркелуге болады.
|
1.Онлайн тіркелу: - Қазақстанның көп бөлігінде egov.kz порталында немесе DamuMed мобильді қосымшасы арқылы; - Порталда Жеке кабинетіңізді ашып, тіркелу үшін қажетті ақпараттарды толтыру қажет. 2. Емханаға бару: - Тіркелу үшін жақын орналасқан емханаға жеке барып, жеке куәлікті және медициналық сақтандыру полисін көрсету қажет;. - Емхана қызметкерлері тіркеу процессін жүргізіп, сізді қажет болған жағдайда учаскелік дәрігерге бекітеді. 3. Телефон арқылы тіркелу: - Егер онлайн тіркелу мүмкіндігі жоқ болса, өзіңізге жақын орналасқан емханаға қоңырау шалып, тіркелу туралы ақпарат сұрауға болады. |
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 жылғы бұйрығы. |
медициналық ұйымға тіркелу |
|
33 |
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі кімдерге беріледі? |
Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі: |
Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастары, босқындары, аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер (және тұруға ықтиярхаты бар) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алу құқығына ие. Сонымен қатар, азаматтығы жоқ және Қазақстанда тұрақты тұратын адамдар да, уақытша келуші шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, пана іздеп келген адамдар да тегін медициналық көмек ала алады. Бұл барлық азаматтарға олардың сақтандыру мәртебесіне қарамастан беріледі, егер оларда айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін аурулар болса. |
ҚР Үкіметінің 16.10.2020 жылғы №672 Қаулысы |
ТМККК |
|
34 |
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ |
Диспансерлік есепте тұрған науқастарға қандай дәрілік заттар тегін беріледі? |
Диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін медициналық және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі. |
Диспансерлік есепке алыңған ҚР азаматтары дәрілік заттар мен медициналық тізбесіне сәйкес тегін беріледі. Дәрілік заттарды тегін алу үшін тіркелген медициналық ұйымға жүгінуі қажет. |
ҚРДенсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 жылғы бұйрығы. |
Диспансерлік есеп. |
|
35 |
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ |
Балаларды міндетті вакцинациялау қалай жүзеге асырылады? |
Қазақстанда міндетті вакцинациялау 1 жасқа дейінгі жастағы балалар, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес бірқатар вакциналарды алуға міндетті.
|
Қазақстанда міндетті вакцинациялау 1 жасқа дейінгі балаларға, мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес бірнеше вакциналарды алу міндетті:
Сонымен қатар, 12-13 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алу ұсынылады. |
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.05.2022 жылғы |
1.Вакцинация |
|
36 |
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ |
Науқастарға оңалту емі қалай көрсетіледі? |
Науқастарға оңалту емі медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылып, негізгі 3 кезең бойынша көрсетіледі.
|
Науқастарға оңалту емі медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылып, негізгі 3 кезең бойынша көрсетіледі:
жіті кезеңдерінде алғашқы жедел көмек.
6 айында көмек.
араласулар, амбулаторлық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлерде медициналық көмек. |
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.12.2024 жылғы №109 бұйрығы |
оңалту |
|
37 |
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ |
Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанумен қамтамасыз етілген ба? |
Барлық мектептерде оқу жылында 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілген. |
Облыс бойынша барлық мектептерде оқу жылында 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілген. Асханасы жоқ мектептерде тамақтандыру буфеттік немесе тасымалдау арқылы іске асырылады. |
ҚР Үкіметінің 25.01.2008 ж №64 қаулысы. |
тамақтану |
|
38 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Атаулы әлеуметтік көмек алуға кімдер құқылы? |
Атаулы әлеуметтік көмегін жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтары, кандастар, босқындар, ҚР тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар алуға құқығы бар. |
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтары, кандастар, босқындар, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Атаулы әлеуметтік көмегін жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтары, кандастар, босқындар, ҚР тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар алуға құқығы бар. |
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік Кодексі.
|
Атаулы әлеуметтік көмек |
|
39 |
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ |
«Тарихи тұлғалар» тізіміне кімдер енгізіледі? |
«Тарихи тұлғалар» тізіміне мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар, ғылым мен өнер, сондай-ақ Отан алдында ерекше еңбегі бар азаматтар енгізіледі (тізімге қайтыс болған күннен бастап 5 жыл өткен соң енгізіледі). |
«Тарихи тұлғалар» тізіміне мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар, ғылым мен өнер, сондай-ақ Отан алдында ерекше еңбегі бар азаматтар енгізіледі (қайтыс болған күннен бастап 5 жыл өткен соң): көне дәуірлерден XIV, XIV-XX ғасырға дейін өмір сүрген тарихи тұлғалар, Қазақ ССР-інің, ҚР құрылып, дамуына үлес қосқан қайраткерлердің есімдері, ғылым және білім, өнер, әдебиет саласы бойынша: Қазақ Ғылым академиясының академиктері, ғылым докторы, профессорлар, Ғылым академиясының Президенттері, ғылым-білім салаларына еңбегі сіңірген деген атақ иегерлері, Қазақстан халық әртістері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, белгілі ақын-жазушылар, Қазақстанның халық жазушысы, аймақтың дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар, сондай-ақ ерекше еңбегі бар т.б.тұлғалар. |
ҚР Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымы. |
«Тарихи тұлғалар» тізімі |
|
40 |
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ |
Жетісу облысы бойынша спортпен айналысу үшін қанша нысандар бар? |
Жетісу облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 1106 бірлік спорттық құрылымдар бар, оның ішінде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені. |
Жетісу облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 1116 бірлік спорттық құрылымдар бар, оның ішінде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені. |
«Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңы |
Спорттық ннфрақұрылым |
|
41 |
«Жетісу облысының Цифрлық технологиялар басқармасы» ММ |
Интернет сапасы неге нашарлайды? |
Интернет сапасы нашарлауы ауа райының қолайсыздығына, таулар мен ғимараттарға, жертөлелер мен тоннельдерге, электр құрылғыларына немесе сигналға кедергі келтіретін арнайы жабдықтарға байланысты. |
Интернет сапасының нашарлауына көп нәрсе әсер етуі мүмкін. Мысалы, ауа райы нашар болса, таулы жерлер болса, үй жертөлесінде немесе тоннельде отырсаңыз - сигнал әлсірейді. Кейде ғимараттардың құрылымы немесе орналасуы да кедергі келтіреді. Үйдің қасында немесе ішінде қуатты техника, электр құрылғылары, не сигналға кедергі жасайтын арнайы құрылғылар болса - интернет баяулайды. Мұндай құрылғылар кейбір үйлерде немесе мекемелерде кездесуі мүмкін. Сонымен бірге, байланыс сапасы қай операторды қолданатыныңызға, қай жерде жүргеніңізге және айналадағы жағдайға да байланысты. |
«Байланыс туралы» ҚР Заңы |
Интернет сапасы |
|
42 |
«Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары кімдерге беріледі? |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары сұранысқа ие мамандықтарға көрсетіледі. |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары сұранысқа ие мамандықтарға көрсетіледі: ауылдық елді мекенге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері. |
ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.11.2014 жылғы № 72 бұйрығы. |
Дипломмен ауылға |
|
43 |
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ |
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградаларымен кімдер марапатталады? |
«Алтын алқа» алқасымен 7 және одан да көп бала туған, «Күміс алқа» алқасымен 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген аналар соңғы баласы 1 жасқа жеткен және балалары тірі болған ретте марапатталады. |
«Алтын алқа» алқасымен 7 және одан да көп бала туған, «Күміс алқа» алқасымен 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген аналар соңғы баласы 1 жасқа жеткен және балалары тірі болған ретте марапатталады. |
ҚР «Мемлекеттік наградалар туралы» 12.12.1995 жылғы Заңы. |
"Алтын алқа", "Күміс алқа" |
|
44 |
«Жетісу облыстық құрылыс басқармасы» ММ |
Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қанша уақытта қалай іске асырылу керек? |
Құрылыс жұмыстарын іске асыру келесі кезеңдерде жүзеге асырылады: - жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу; - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру. |
Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады: |
ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2015 жылғы бұйрығы. |
Құрылыс салуды ұйымдастыру |
|
45 |
«Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ |
Құрылыс және қала құрылысы жобаларын іске асыру барысында қандай талаптарды сақтау қажет? |
Құрылыс және қала құрылысы жобаларын іске асыру барысында ғимараттарды салу үшін меншік иелері не жер пайдаланушылар ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының талаптарын және аумақты нысаналы мақсатта пайдалану немесе аймақтарға бөлу, қызыл сызықтардан өту және пайдалану, рұқсат беру рәсімдері мен құрылысты ұйымдастыру, сондай-ақ ғимараттарды кеңейту және реконструкциялау, жер учаскелерін пайдалану қағидаларын сақтауға тиіс. |
Құрылыс және қала құрылысы жобаларын іске асыру барысында ғимараттарды салу үшін меншік иелері не жер пайдаланушылар ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының талаптарын және аумақты нысаналы мақсатта пайдалану немесе аймақтарға бөлу, қызыл сызықтардан өту және пайдалану, рұқсат беру рәсімдері мен құрылысты ұйымдастыру, сондай-ақ ғимараттарды кеңейту және реконструкциялау, жер учаскелерін пайдалану қағидаларын сақтауға тиіс. |
«ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы
|
Жер учаскелерін пайдалану |
|
46 |
«Жетісу облысының ветеринария басқармасы» ММ |
Қаңғыбас иттерді атуға болады ма? |
Қаңғыбас иттерді және жануарларды қатыгездікпен өлтіруге болмайды. |
Қаңғыбас иттерді аулау гумандық әдістермен, атап айтқанда, құрық және торларды қолдана отырып, өткізіледі. Ал егер жануар адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндірсе немесе құтыру ауруына шалдыққан деген күдік болса, ұйықтататын препараттар пневматикалық шприцтер арқылы қолданылады. Атыс қаруларымен иттерді ату жүргізілмейді. Ережеге сәйкес, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, қаңғыбас иттерді аулау кәмелетке толмағандардың көзінше жүргізілмейді.. |
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңы (4-бабы). |
Қаңғыбас иттерді ату |
|
47 |
«Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ |
Сүт бағытындағы мал шаруашылықтарға субсидия төленема? |
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация мүшесіне кірген сүт бағытында мал шаруашылығын дамытушы жеке қосалқы шаруашылықтарға субсидия төленеді. |
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация мүшесіне кірген жеке қосалқы шаруашылықтар үшін сүт бағытында мал шаруашылығын дамытушыларға субсидия төленеді. |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2019 жылғы бұйрығы. |
Мал шаруашылығы саласын субсидиялау |
|
48 |
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін грант берілема? |
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грантты конкурстық негізде, айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріне дейін алуға болады.
|
Халықтың әлеуметтік осал топтар қатарына жатататын адамдарға өз ісін, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 айлық есептік көрсеткіштің көлемінде комиссия отырысы шешіміне сәйкес грант алу мүмкіндігі бар. Грант алудың негізгі шарттары: 1. тіркелген жұмыссыз болу немесе жеке кәсіпкерлер болу (3 жылға дейін); 2. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы. Кәсіпкерлік негіздерін оқу үшін skills.enbek.kz порталында тіркеліп, онлайн режимде оқып сертификат алады. Грант алуға үміткер болу үшін business.enbek.kz. порталында онлайн форматта өтініш беруге болады. |
«Гранттар беру» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы бұйрығы. |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін грант |
|
49 |
«Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ |
Туризм саласын дамыту мақсатында қандай көмектер көрсетіледі? |
Туризм саласын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары көрсетіледі: 1) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау; |
Туризм саласын дамыту мақсатында келесі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі: 1) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлердің шығындарының 10% пайызын өтеу; |
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2021 жылғы бұйрығы
|
мемлекеттік қолдау шаралары |
|
50 |
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ |
Жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін қандай бағдарламалар қарастырылған? |
Жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін келесі бағдарламалар қарастырылған: «Жастар практикасы», «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстар. |
Жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін келесі бағдарламалар қарастырылған: 1) «Жастар практикасы» оқуын бітіріп келгендерге уақытша жұмысқа орналастырылып, тұрақты жұмыс табуға көмектеседі; 2) «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 18-35 жас аралығындағыларға өз идеяларын іске асыру үшін қаржылай қолдау; 3) «Жасыл ел» бағдарламасы жаз мезгілінде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысуға тарту. |
ҚР Үкіметінің 28.03.2023 жылғы №247 қаулысы. |
Жастарды жұмыспен қамту
|