2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған Жетісу облысы, Сарқан ауданы Аманбөктер және Екіаша ауылдық округтері әкімдерін сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 07 мамырдағы

№ 2 қаулысына қосымша

 

 

2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған Жетісу облысы, Сарқан ауданы Аманбөктер және Екіаша ауылдық округтері әкімдерін сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың 

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Сарқан ауданы Аманбөктер және Екіаша ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 7 мамыр

 (113-1-б., 2-т.)

 

2. Сайлау округінің тізімін, олардың шекаралары мен аудандық  сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 22 мамырдан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде, 2025 жылғы 22 мамырдан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2025 жылғы 8 мамырдан басталады және 2025 жылғы 20 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б. 1-т., 5-т.)

 

7. Әкім болуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(113-2-б.)

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1) т., 31-б)

 

9. Әкім болуға кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн ішінде

(113-4-б.)

 

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі органның қызметінің қызметкерлерін тарта отырып Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қол қою парақтары Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына әкімдікке кандидаттардың республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

Әкім болуға кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2025 жылғы 1 мамырға)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайының (зайыбының) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлауға дейін жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылғы 8 мамырда басталады және 2025 жылғы 25 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Сарқан ауданының жергілікті атқарушы органдары және Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2025 жылғы 25 мамырда сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 14 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну     

 

Аудан әкімі.

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын,                       2025 жылғы 26 мамырға дейін

(24-б. 5-т.)

 

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2025 жылғы 31 мамырдан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 5 маусымнан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

         22. Кез келген уақытта сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Сарқан аудандыық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 5 маусымға дейін      

(38-б. 1-т., 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2025 жылғы 12 маусымнан ерте емес және 14 маусымнан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 15 маусым жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

 

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні 15 маусым 2025 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкімдер сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

 

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

29. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 18 маусымнан кешіктірмей

(113-10-б. 1-т.)

 

30. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті  күннен кешіктірмей

2025 жылғы 22 маусымнан кешіктірмей

(44-б.)

 

31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді өздерінен алып тастау туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылғы 22 маусымнан кешіктірмей

(45-б, 46-б, 3-т. 2) т., 1-т. 113-11-б)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған Жетісу облысы, Сарқан ауданы Аманбөктер және Екіаша ауылдық округтері әкімдерін сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Дата публикации
08 мая 2025