Сарқан ауданының Аманбөктер, Екіаша ауылдық округтері
әкімдерін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округін
құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңның 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармақшасына және 22-бабына сәйкес Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарқан ауданының Аманбөктер және Екіаша ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніңдегі Аманбөктер округінің шекарасындағы Аманбөктер сайлау округі, Екіаша округінің шекарасындағы Екіаша сайлау округі құрылсын.
- Осы қаулы Сарқан ауданы әкімдігі сайтының «Сайлау» интернет-парақшасына, «sarkan_sailau» инстаграмына және аудандық " SARQAN " газетінде жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ш.Нургалиеваға жүктелсін.
Төраға М.Естеуов
Хатшы Ш.Нургалиева