Сарқан қаласы, ауылдық округ әкімдерінің назарына

Сарқан ауданының әкімдігіне «KEGOC» «Қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company)» АҚ филиалының басшысы Арман Жаңабайұлы Шайхановтан 2025 жылғы 23 сәуір күні № ЗТ-2025-01346039 болып тіркелген өтініш түскен.

Жетісу облысы Сарқан ауданының аумағымен «КЕGОС» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының теңгеріміндегі «Ақтоғай–Талдыкорган» Ж-5400 500кВ ӘЖ жоғары вольтті электр жеткізуші әуе желілері өтіп жатыр. Әуе желілері жеке меншік иелерінің жерлерінен, тұрғын және өндірістік кварталдардан өтеді.

ҚР Оңтүстік өңірлерін үздіксіз электрмен жабдықтау мақсатында және ҚР Энергетика министрінің 28.09.2017 жылғы №330 бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларына сәйкес Сізден барлық Ауылдық округтердің әкімдерімен және шаруа қожалықтарының басшыларымен өрт қауіпсіздігі тақырыбында (желінің екі жағындағы шеткі сымдардан 30 метр ӘЖ күзет аймағында өсімдіктерді жағуға, шөптерді, сабандарды қаттауға тыйым салу) түсіндірме жұмыстарын жүргізіп көмектесуіңізді сұраймын. Барлық тұрғындарды хабардар ету үшін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына өрт қауіпсіздігі туралы хабарландыру беруіңізді сұратылған.

Осы сепептерінен жоғары көрсетілген жұмыстарды атқаруларыңызды сұраймын.

 

 

 

 

Сарқан қаласы, ауылдық округ әкімдерінің назарына
Дата публикации
28 апреля 2025