Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!
«Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 4-тарауының 16-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру сапасына қоғамдық бағалау жүргізу үшін сараптама кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жариялайды.
Іріктеуді өткізу мерзімі 2025 жылғы 17-25 сәуірге дейін. Құжаттарды gz_politika@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: 21882