Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмысы туралы

Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмысы туралы

         Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 16 түрлі мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілді.  Атап айтқанда:

  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» - 200 отбасы, 1095 азамат;
  • Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына - 63;
  • «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге» - 4;
  • «Тұрғын үй көмегі» - 21 отбасы, 114 азамат;
  • Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну - 19;
  • Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу - 18;
  • Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу – 8;
  • Мүгедектерді сурдо - тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету - 56;
  • Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу - 175;
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу -11;
  • Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» - 2;
  • «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» - 156;
  • «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» - 8;
  • «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзартуға» - 36 азамат;

-  "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" – 6;

-    Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігін ұсыну – 0.

Осы аталған мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Бөлім орналасқан ғимаратта мемлекеттік қызмет алушыларға арналған өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылған, мүгедіктігі бар азаматтар үшін брайль тақтайшалары ілінген, бағыттаушы тактильді жолақтар, шақырту қоңырауы жұмыс істейді.

Жоғарыда аталған Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Көрсетілген уақыт кезеңінде бөлімде мерзімі бұзылған мемлекеттік қызмет жоқ.

 

Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмысы туралы
Дата публикации
31 марта 2025