Сарқан аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округін құру туралы

Сарқан аудандық мәслихатының депутаттарын

сайлау жөніндегі аумақтық сайлау

округін құру туралы

 

 

 

           "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 6-тармағына сәйкес Сарқан аудандық мәслихатының комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарқан аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Сарқан аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округінің шекаралары болып Сарқан ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары белгіленсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Сарқан ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы С.Кабдолдановаға жүктелсін.

           Сарқан аудандық сайлау

           комиссиясының төрағасы                          О.Тертюбаев

   Сарқан аудандық сайлау

   комиссиясының хатшысы             С.Кабдолданова

 

 

 

Дата публикации
28 октября 2020