Дипломмен мемлекеттік қызметке орналасу

Дипломмен мемлекеттік қызметке орналасу

 

Білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандырып, жас мамандардың аудан мен ауыл­дық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, жастардың мемлекеттік қызметке тұру тетігін жеңілдету үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) бір­қа­тар өзгеріс пен толықтыру­ ен­гізілді.

Заң аясында оқу нәтижесі «жақсы», яғни GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары үлгерімімен грант бойынша білім алған жоғары оқу орындарының түлектерін бір жыл ішінде уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісе отыра аудандық және ауылдық деңгейдегі орындаушылық лауазымдарға тікелей, конкурс өткізбестен, қабылдауға болатындығын хабарлаймыз.

 

        Г.Мырзабаева

Сарқан ауданы әкімі аппаратының

персоналды басқарудың

бірыңғай қызметі (кадр қызметі)

бөлімшесінің басшысы

Дипломмен мемлекеттік қызметке орналасу
Дата публикации
10 февраля 2025