Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы
Cарқан ауданы бойынша бүгінгі күнге мүгедектер саны-1364 соның ішінде 1 топтағы мүгедектер саны-117, екінші топтағы мүгедектер саны-452, үшінші топтағы мүгедектер саны-599, мүгедек балалар саны-196.
2024 жылдың басынан желтоқсан айына мүмкіндігі шектелген азаматтарға жеке оңалту бағдарламасы бойынша көрсетілген көмек түрлері:
Протездік ортопедиялық бұйымдарға республикалық бюджеттен 22 адамға 4 млн 795 мың теңге, жергілікті бюджеттен 97 адамға 12 млн 367 мың теңге төленді;
Міндетті гигиеналық бұйымдарға республикалық бюджеттен 347 адамға 34 млн 979 мың теңге, жергілікті бюджеттен 182 адамға 86 млн 508 мың теңге төленді;
Сурдотехникалық бұйымдарға жергілікті бюджеттен 20 адамға 2 млн 888 мың теңге төленді;
Тифлотехникалық бұйымдарға республикалық бюджеттен 42 адамға 11 млн 504 мың теңге төленді;
Кресло-арба бұйымдарына жергілікті бюджеттен 34 адамға 6 млн 045 мың теңге төленді;
Мүгедек және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуге 150 адам өтініш білдіріп, бүгінгі күнге 150-і қамтамасыз етілді.
Ымдау тілі маманының қызметіне 7 мүмкіндігі шектелген азаматтарға жергілікті бюджеттен 9 адамға 1 млн 736 мың теңге төленді;
Жеке көмекшінің қызметіне 21 мүмкіндігі шектелген азаматтарға республикалық бюджеттен 1 млн 780 мың теңге, жергілікті бюджеттен 12 млн 513 мың теңге төленді;
Аудан көлемінде арнаулы жабдықталған бір «Инватакси» автокөлігі жыл бойына 67 мүгедекке 5281 рет қызмет көрсетті.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 230 мын 883 тенге қаражат бөлініп, жыл басынан әлеуметтік көмек 330 отбасына немесе 1870 адам 195 млн 416 мын 268 теңге төленді.
«Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 20 млн 306 мын теңге жоспарланып, 1 149 маманға 21 млн 210 мын 540 тенге игерілген.
«Тұрғын үй көмегін көрсету» бағдарламасына 311 отбасына немесе 1741 адамға 35 млн 615 мын теңге бөлініп, 21 млн 115 мын теңгесі игерілген.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша есеп кезеңіне қарастырылғаны 42 млн 644 мын теңге, игерілгені 37 млн 976 мын 764 теңге. Оның ішінде: ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге төленетін жәрдемақы 2 адамға 88 мын 600 теңге төленді, туберкулез ауруына шалдыққан 32 адамға 3 млн 520 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек берілді, Чернобыль апатынан зардап шеккендерге 10 адамға 1 млн 500 мың теңге және Ауған соғысының қатысушыларына 38 адамға 7 млн 600 мың теңге. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік көмекке 6 адамға 332 мың теңге төленді.
«Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 3 млн 730 мың теңге қарастырылып, 3 млн 897 мың 237 теңгеге, 53 балаға көмек көрсетілді.
2024 жылға Сарқан ауданының мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бейімдеуге жататын 11 нысанына 61 млн 525 мың теңге қаражат жоспарланған (білім саласының 8 объектісі, жасөспірімдер және балалар спорт мектебі 1 обьекті, денсаулық сақтау 2 объектісі). 10 объекті де жұмыс 100 пайызға орындалды.
«Сарқан орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының жұқпалы ауру бөлімі бойынша 2023 жылғы 17 қарашада конкурс жарияланып, 22 желтоқсанда «ТалдықорғанАсу» ЖСШ - мен № 175 келсім шарт күрделі жұмыстар жүргізуге жасалды, оның ішінде бейімдеу жұмыстары 2 млн 904 мың тенге. Бүгінгі күнге мекеменің құрылыс жұмыстары 100 пайызға, бейімдеу жұмыстары 100 пайызға жасалды.
Жеке меншік нысандардың 40 обьектісіне хабарлама берілді. 18 обьектіде пандус қойылды, бейімдеу жұмыстары іші-нара жүргізілуде.
«Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жыл басынан шетел азаматтарынан 470 өтініш қабылданып, 440 рұқсат берілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі қазіргі уақытта 47 балаға қызмет көрсетеді. Оның ішінде психоневрологиялық ауытқуы бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны -23; Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны- 12; Он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар балалар саны-12.
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде жыл басынан бері 153 адамға қызмет көрсетілген. Оның ішінде: 9 адам қайтыс болуына байланысты, 9 адам көшіуіне байланысты, 1 адам өз өтініші бойынша, барлығы 19 адам есептен шығарылды. 2024 жылдың 01 желтоқсандағы жағдай бойынша жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қазіргі уақытта 134 адамға қызмет көрсетілуде.