Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қадағалау жөніндегі
2024 жылдың ІV тоқсаны бойынша атқарылған
жұмысы туралы ақпарат
Сарқан ауданы бойынша 22 мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар: – аудан әкімінің аппараты - 1, 13 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 6 аудандық бөлімдер. Аудан аумағында Мемлекеттік корпорацияның бөлімі (Халыққа қызмет көрсету орталығы) және Сарқан ауданының «Сервистік әкімдігі» Сарқан қаласында жұмыс жасайды.
2024 жылдың IV тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 940 (930 жеке тұлға, 10 заңды тұлға) оның ішінде қағаз түрінде – 0 (0 жеке тұлға, 0 заңды тұлға), мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 13 (9 жеке тұлға, 4 заңды тұлға), электрондық түрде мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –276 (270 жеке тұлға,6 заңды тұлға), халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы – 244 ( 244 жеке тұлға, заңды тұлға 0), электронды «Еgov» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 407 ( 407 жеке тұлға, 0 заңды тұлға).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 25 маусымдағы № 101 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қағидасына, Сарқан ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау туралы іс – шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың ІV тоқсанында төменде аталған мекемелер мен округтерге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Атап айтқанда:
ІV тоқсанда «Сарқан аудандының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Сарқан қаласы әкімінің аппараты» ММ, дайындалған актілердің саны - 2. №1 қосымшаға сәйкес жолданып отыр.
Ішкі бақылау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап ету фактілері анықталмады.
Сонымен қоса, ішкі бақылау барысында анықталған кемшілік: Сарқан ауданының экономика және қаржы бөлімі мен Сарқан қаласы әкімінің аппараттарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандардың мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренгендігі жөнінде, біліктілігін арттыру туралы дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болмауы анықталып отыр. (2025 жылдың І және ІІ тоқсанында қаражат қарастырылып жоспарлануда).
Біліктілікті арттыру бойынша барлығы 2 (екі) ұсыныс беріліп, орындалу мерзімі 2025 жылдың І және ІІ тоқсанында тоқсанында орындау жоспарлануда.
Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.
Бекітілген Сарқан ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2024 жылға арналған ішкі мемлекеттік бақылау жоспарына сәйкес жүргізіліп, толық орындалғандығын хабарлаймын.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін жетілдіру бойынша, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру және электронды түрде оларды көрсетуге көшіру бойынша ұсыныстар болмады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар (нормативтік құқықтық актінің атауын, нөмірін және күнін көрсете отырып) ұсыныстар болмады.
Жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізу бойынша ұсыныстар болмады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар болмады.
Қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар; Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыз – шағымдар түскен жоқ.
Қабылданған шараларды көрсете отырып, көрсетілетін қызметтерді алушылардың бұзылған құқықтары анықталмады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары; 2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында барлығы 37 іс-шара өткізілді. Оның ішінде, «Қызмет лайф» жобасы аясында өткізілген тікелей эфир 3, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі 7, түсіндіру жұмысы 17, дөңгелек үстелдер 4, акциялар 2, 1 жиын және 1 талқылау өткізіліп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша 1 бейне ролик түсіріліп, қоғамдық кеңес отырысында 1 жиын өткізілді. Аталған шараларға барлығы 5175 адам қатысты.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің алу тәртібі туралы және сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, насихаттау бойынша БАҚ-на 18 мақала жарияланды. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары халық арасында үнемі насихатталып, жүргізілуде. Мақалалар жарияланған газет тізімі мен өткізілген шаралардың сілтемелері №2қосымшаға сәйкес жолданып отыр.