Баспасөз хабарламасы
2025 жылдан бастап енгізіліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері туралы.
Бүгінде елімізде аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек бәріне мәлім.
Қоғамда дегенмен, оны ұсыну тетігі туралы сұрақтар әр кезде көтеріліп отырады. Осының аясында атаулы әлеуметтік көмек көрсету шарттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, келесі жылға арналған өзжоспарлар туралы атап өту қажет.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі.
АӘК өмірдегі қиын жағдайдан шығару үшін отбасына кешенді қолдау көрсетуді көздейді.
Біріншіден, бұл 2 түрге жіктелген ақшалай төлем: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі және олар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі жұмысқа орналасқан отбасыларға беріледі.
Екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар.
АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу бүкіл отбасына АӘК төлеуді тоқтату және келесі алты айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Үшіншіден, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасты қоса алғанға дейін әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы 5 538 теңге) мөлшерінде қосымша төлем беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы АӘК беру тетігі ашықтықты, әділдікті, еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету үшін қайта қаралды.
Осылайша, 2023 жылы аудан бойынша АӘК-ті жалпы сомасы 234 млн.778 мың теңгеге 369 отбасы немесе 1964 адам алды.
2024 жыл қортындысы бойынша АӘК алушылар саны 330 адамды немесе 1870 отбасын құрады. Мемлекеттік бюджеттен 216 млн. 331 мың теңге төленді.
Бұл ретте, біз АӘК алушылар санын жыл сайын төмендегенін байқаймыз.
Өңірлер бөлінісінде АӘК алушылардың ең көп саны Алмалы ауылдық округі– 6,7%, Қойлық ауылдық округі – 13,4%, Лепсі ауылдық округі – 7,1%, Черкасск ауылдық округі – 5,5%, Сарқан қаласы – 52,4% тиесілі.
Барлық алушының 52,4% қалалық жерлерде (979 алушы), ал 47,6% ауылдық жерлерде (891 алушы) тұрады.
Әлеуметтік мәртебе бөлісінде АӘК алушылар арасында ең көбі балалар – бұл 1120 адам немесе 59,9%. Басқа санаттар бойынша:
- 11,8% - өтініш берген кезде жұмысы бар (219 адам);
- 17,8% - балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға күтім жасайтын адамдар (332 адам);
- 3,6% - студенттер (69 адам);
- 1,4% - жұмыссыздар (26 мың адам);
- 0,8% - мүгедектігі бар адамдар (15 адам);
- 0,3% - зейнеткерлер (5 адам);
- 3,1% басқа да санаттар (58 адам).
АӘК алушылардың құрылымында көп балалы отбасылар басым. Олар АӘК алушылардың жалпы санының шамамен 56,3%-н құрайды.
АӘК-тің басты мақсаты еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту, еңбекке ынталандыру арқылы кедейлік шеңберінен шығару болып табылады.
Мәселен, ағымдағы жылы шартты ақшалай көмек алушылар қатарындағы 449 еңбекке қабілетті АӘК алушының 222 жұмысы бар, 201 күтім жасайтын адамдар, 26 жұмыссыздар.
Әлеуметтік келісімшарт енгізудің нәтижесінде 21 еңбекке қабілетті адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Бұл ретте жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларында негізінен тұрақты жұмыспен қамту басым екенін атап өткен жөн.
Мәселен, есепті кезеңде:
112 адам немесе 6,0% тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды;
16 адамға немесе 0,9%-ға уақытша жұмыспен қамту шаралары көрсетілді, оның ішінде: 16 адам – қоғамдық жұмыс орындарына;
2 адамға (0,1) – кәсіпкерлік бастама бойынша жәрдем көрсетілді.
2 адам (0,1) – біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту курстарына жіберілді.
2023 жылы аз қамтылған отбасыларға кешенді қолдау көрсету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылы АӘК алушылар қатарынан 312 адам мұқтаждық шегінен шықты.
Ағымдағы жылы кедейлік жағдайынан шыққан адамдар саны
397 адамды құрады.
2025 жылы Министрлік алдында қойылған негізгі міндет учаскелік комиссияның қызметін цифрландыру болып табылады.
АӘК тағайындау кезінде учаскелік комиссиялар отбасының материалдық жағдайына жүргізілген тексеру негізінде АӘК көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады. Бүгінгі таңда бұл зерттеу қағаз түрінде жүргізіледі және қол қою үшін ұйымдастырушылық шараларды қажет етеді.
Осылайша, тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді болдырмау және автоматтандыру мақсатында учаскелік комиссиялар үшін FSM Social мобильдік қосымшасы әзірленді.
Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде учаскелік комиссияның мүшесі отбасының материалдық жағдайы бойынша барлық деректерді оған енгізеді, алдын ала қорытынды шығарады және учаскелік комиссияның басқа мүшелеріне қол қоюға жібереді.
Бүгінде мобильді қосымшаны апробациялау бойынша пилоттық жоба Алматы облысының Қонаев қаласында өтуде.
2025 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл ел бойынша мобильді қосымшаны енгізу жоспарлануда.
Мобильді қосымшаны енгізудің артықшылығы:
- геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);
- жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;
- зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы нақты мұқтаж азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау үшін Әлеуметтік кодекске түзетулер әзірленді, олар Үкіметтің қарауына жіберілді.
АӘК тағайындау кезінде АӘК тағайындау қажеттілігін айқындау өлшемшарттарын мынадай өлшемшарттармен толықтыру ұсынылады:
тұрғын үй және (немесе) жеңіл автокөлік сатып алу;
отбасының әрбір мүшесіне айына бір ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшердегі ипотекалық қарызды қоспағанда, банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді ресімдеу;
жиынтығында отбасының әрбір мүшесіне айына кедейлік шегінен асатын адамның (отбасының) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларының болуы;
ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер адамдардың келісімін ала отырып, азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда.
Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасы құрамына кіретін барлық кәмелетке толған адамдарға жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, оған олар бір жұмыс күні ішінде жауап беруге тиіс.
Ақпарат алу өтініш берушінің келісімі бойынша және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатының айта кету керек.
Сарқан ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі