2020 жылдың қыркүйек айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 31 өтініш түскен, 23 жеке тұлғалардан, 8 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 23 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 15. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 4, жер туралы – 3, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы – 5, әлеуметтік мәселе – 3. 14 өтінішке түсініктеме беріліп, 1 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 1, әр түрлі мәселе – 3, азаматтық хал актілерін жөндеу туралы - 3 өтініш түсті. 6 өтінішке түсініктеме беріліп, 1 қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 8 жазбаша өтініш қабылданды және 190 анықтама берілген. Мүлік туралы – 5, әр түрлі мәселемен – 3. 3 өтініш қанағаттандырылып, 5 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғадан жер мәселесімен 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш түсті.
Аудан әкімінің жеке қабылдауында 8 азамат болды. Оның ішінде тұрғын үй мәселесімен 5, ауыз су туралы – 1, жер туралы - 2. Түсініктеме берілді.
Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында 2 азамат болды. Оның ішінде ауыз су туралы – 1, әр түрлі – 1. Көтерілген мәселелер бойынша 1 өтінішке түсініктеме беріліп, 1 өтініш қанағаттандырылды.