2020 жылдың тамыз айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 33 өтініш түскен, 31 жеке тұлғалардан, 2 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 31 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 19. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 3, жер туралы – 5, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы – 6, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы – 3, әлеуметтік мәселе – 2. 16 өтінішке түсініктеме беріліп, 3 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 2 өтініш түсті. Өтініштерге түсініктеме берілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 12 жазбаша өтініш қабылданды және 131 анықтама берілген. Мүлік туралы – 9, әр түрлі мәселемен – 3. 9 өтініш қанағаттандырылып, 3 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың тамыз айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғалардан 2 өтініш түсіп, түсініктеме берілді.
Аудан әкімі орынбасарының жеке қабылдауында тұрғын үй мәселесімен 2 азамат болды. Түсініктеме берілді.
Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында 6 азамат болды. Көтерілген мәселелер бойынша 1 өтінішке түсініктеме беріліп, 5 өтініш қанағаттандырылды.