2020 жылдың шілде айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 27 өтініш түскен, 23 жеке тұлғалардан, 4 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 23 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 9. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 3, жер туралы – 4, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы – 2. 7 өтінішке түсініктеме беріліп, 2 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 3 жазбаша өтініш түсті. Барлық өтініш қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округ(тері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 14 жазбаша өтініш қабылданды және 99 анықтама берілген. Мүлік туралы – 11, әр түрлі мәселемен – 3. 11 өтініш қанағаттандырылып, 3 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ағымдағы жылдың шілде айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды 5 тұлғалардан өтініш түсті.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына азаматтар жүгінген жоқ.
Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына әлеуметтік мәселе бойынша 1 азамат жүгінді. Көтерілген мәселе бойына түсініктеме берілді.