2020 жылдың маусым айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 63 өтініш түскен, 53 жеке тұлғалардан, 10 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 53 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 24. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 7, жер туралы – 6, тұрғын үй туралы – 4, сәулет және қала құрылысы – 2, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы – 4, ауыл шаруашылығы – 1. 19 өтінішке түсініктеме беріліп, 5 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 3 өтініш және әр түрлі мәселемен 7 жазбаша өтініш түсті. 6 өтініш қанағаттандырылып, 4 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округ(тері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 29 жазбаша өтініш қабылданды және 84 анықтама берілген. Мүлік туралы – 18, әр түрлі мәселемен – 4, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы – 6, әлеуметтік жәрдемақы – 1. 25 өтініш қанағаттандырылып, 4 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың маусым айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғалардан 1 өтініш түсті. Заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына 12 азамат жүгінді. Оның ішінде тұрғын үй мәселесі – 7, жер туралы – 2, білім саласы – 2, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселесі – 1. Көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына 32 азамат жүгінді. Оның ішінде 31 мәселе – ақылы қоғамдық жұмысқа орналасу, 1 мәселе – жол жөндеу. 31 өтініш қанағаттындырылып, 1 түсіндірілді.