2020 жылдың мамыр айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 29 өтініш түскен, 27 жеке тұлғалардан, 2 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 29 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 10. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 2, жер туралы – 2, жылжымайтын мүлікке қатысты – 1, АХАТ бойынша – 2, тұрғын үй туралы - 1, жол жөндеу – 1, жылу жүйесіне қосылу – 1. 8 өтінішке түсініктеме беріліп, 2 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы туралы 1 жазбаша өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округ(тері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 17 жазбаша өтініш қабылданды және 100 анықтама берілген. Мүлік туралы – 14, әр түрлі мәселемен – 3. 16 өтініш қанағаттандырылып, 1 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ағымдағы жылдың мамыр айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына азаматтар жүгінген жоқ.
Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына 31 азамат жүгінді. Оның ішінде 30 мәселе – ақылы қоғамдық жұмысқа орналасу, 1 мәселе – атаулы әлеуметтік көмек алу туралы. 30 өтініш қанағаттындырылып, 1 түсіндірілді.