2020 жылдың наурыз айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 47 өтініш түскен, 39 жеке тұлғалардан, 8 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 39 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 26. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 1, жер туралы – 18, әлеуметтік мәселе – 1, ветеринария саласы– 1, тұрғын үй туралы-5. 24 өтінішке түсініктеме беріліп, 2 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан 8 жазбаша өтініш түсті. Оның ішінде жер мәселесімен-6, ауыл шаруашылығы – 1, әр түрлі мәселемен – 1. 5 өтініш түсіндіріліп, 3 өтініш қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округ(тері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 13 жазбаша өтініш қабылданды және 32 анықтама берілген. Мүлік туралы – 8, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы – 2, әр түрлі мәселе-3. 12 өтініш қанағаттандырылып, 1 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың наурыз айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына азаматтар жүгінген жоқ.
Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында әлеуметтік көмек алу бойынша 1 азамат болды. Көтерілген мәселе бойынша түсініктеме берілді.