Сарқан ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

Сарқан ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 8 573 227 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 1 399 288 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 146 018 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 43 256 мың теңге;

трансферттер түсімі 6 984 665 мың теңге;

2) шығындар 8 573 227 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу  72 782 мың теңге, оның ішінде:

   бюджеттік кредиттер 117 960 мың теңге;

   бюджеттік кредиттерді өтеу  45 178 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) -72 782 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                        72 782 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 0 теңге;

қарыздарды өтеу 45 178 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.».

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 270 326 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Алмалы ауылдық округіне   – 3077 мың теңге;

 Амангелді ауылдық округіне        – 27645 мың теңге;

 Аманбөктер ауылдық округіне     – 33993 мың теңге;

 Бакалы ауылдық округіне             – 14029 мың теңге;

 Екіаша ауылдық округіне            – 25261 мың теңге;

 Қарабөгет ауылдық округіне       – 14972 мың теңге;

 Қарашыған ауылдық округіне    – 30322 мың теңге;

 Қойлық ауылдық округіне          – 13898 мың теңге;

 Көктерек ауылдық округіне         – 32160 мың теңге;

 Лепсі ауылдық округіне                – 30252 мың теңге;

 Черкасск ауылдық округіне         – 17 487 мың теңге;

 Шатырбай ауылдық округіне      – 27230 мың теңге;

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 40743 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

М. Разбеков

 

Сарқан ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Дата публикации
18 декабря 2024