2020 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 54 өтініш түскен, 49 жеке тұлғалардан, 5 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 49 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 20. Оның ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселесі – 5, әр түрлі – 5, азаматтық хал актілерін тіркеу – 2, жер туралы – 5, әлеуметтік мәселе – 1, білім – 2. 13 өтінішке түсініктеме беріліп, 7 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан 5 жазбаша өтініш түсті. Оның ішінде жер мәселесімен 2, әр түрлі мәселемен 3 өтініш. 3 өтініш қанағаттандырылып, 2 өтінішке түсініктеме берілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 29 жазбаша өтініш қабылданды және 152 анықтама берілген. Мүлік туралы – 22, жер туралы – 2, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы – 2, әр түрлі – 3. Барлық өтініш қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғалардан 3 өтініш түсті. Заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Аудан әкімінің жеке қабылдауында 59 азамат болды. Оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы – 16, жер мәселесі – 13, әр түрлі – 13, әлеуметтік көмек – 6, ауыз су – 5, жол жөндеу – 2, білім саласы – 2, ауыл шаруашылығы – 2. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берілді.
Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында 9 азамат болды. Оның ішінде ауыз су мәселесі – 1, тұрғын үй туралы - 2, әлеуметтік көмек – 2, жер мәселесі – 2, қоғамдық жұмысқа орналасу – 2. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берілді.