2020 жылдың ақпан айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 51 өтініш түскен, 39 жеке тұлғалардан, 12 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 39 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 20. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 3, жер туралы – 16, әлеуметтік мәселе – 1, жұмысқа орналасу – 1. 17 өтінішке түсініктеме беріліп, 3 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан 11 жазбаша өтініш түсті. Оның ішінде жер мәселесімен 8, әр түрлі мәселемен – 2, ауыл шаруашылығы – 1. 10 өтініш түсіндіріліп, 1 өтініш қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 19 жазбаша өтініш қабылданды және 68 анықтама берілген. Мүлік туралы – 18, сауда – 1. 17 өтініш қанағаттандырылып, 2 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарына заңды тұлғалардан 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғалардан әлеуметтік көмек мәселесі бойынша 2 өтініш түсіп, заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Аудан әкімінің жеке қабылдауында 21 азамат болды. Оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы – 9, жер мәселесі – 5, әр түрлі – 4, атаулы әлеуметтік көмек – 2, білім саласы – 1. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берілді.
Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында 13 азамат болды. Оның ішінде тұрғын үй туралы - 2, әлеуметтік көмек – 4, жер мәселесі – 3, қоғамдық жұмысқа орналасу – 4. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берілді.