Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі
2024 жылғы 17 желтоқсанда «Б» корпусының E-R-4 санаты бойынша «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, негізгі маман бала күтіміне байланысты демалыста, 06.10.2025ж. дейін), индексі №12-04 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалуына ұсынылатын үміткерлерді бағалау және қорытынды шешім шығару отырысы өткізілді.
Ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша аудандық бірыңғай конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Б» корпусының E-R-4 санаты бойынша «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, негізгі маман бала күтіміне байланысты демалыста, 06.10.2025ж. дейін), индексі №12-04 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Айтақын Сержанды тағайындау жөнінде ұсыныс берілсін.