Сарқан ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

Сарқан ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер 14 228 654 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

          салықтық түсімдер 707 376 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер 117 623 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 29 465 мың теңге;

          трансферттер түсімі 13 374 190 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 5 261 941 мың теңге;

нысаналы даму трансферттер 3 700 000 мың теңге;

субвенциялар 4 412 249 мың теңге;

          2) шығындар  14 228 654  мың теңге.

          3) таза бюджеттік кредиттеу  51 769 мың теңге, оның ішінде:

          бюджеттік кредиттер  75 168 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу 23 399 мың теңге;

  • қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) (-) 51 769 мың теңге;

6)  бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 51 769 мың теңге.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 4 689 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

         мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

өңірлерді дамытудың 2021 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға;

ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге.

Көрсетілген трансферттерді ауылдық (аудандық маңызы бар қала) округтер бюджеттеріне бөлу Сарқан ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

        

 

 Сарқан аудандық

мәслихатының сессия төрағасы                                                       

 

                                      

Сарқан аудандық

мәслихатының хатшысы                                                         

               

Дата публикации
14 октября 2020