ХАБАРЛАНДЫРУ Аудан тұрғындарының назарына!

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Аудан тұрғындарының назарына!

 

         2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Сарқан ауданының халықты қабылдау орталығы өз қызметін атқара бастайды. Орталық арқылы келесі қызметтерді алуға болады:

  • аудандық мемлекеттік мекеме басшыларының жеке қабылдауына жазылу;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелеріне арыз-шағымды, үндеуді, хабарды, сұрау салуды, ұсынысты түсіру, сондай-ақ басшылардың жеке қабылдауына жазылу;
  • «Е-гов» арқылы қарастырылған қызметтерді алу;
  • электрондық цифрлық қолтаңба алу;
  • мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтінім беру;
  • және халықты қабылдау орталығының ережесімен қарастырылған басқа да қызмет түрлері.

Сарқан ауданының халықты қабылдау орталығы «Жетісу облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Сарқан аудандық мансап орталығы» филиалының ғимаратында орналасқан. Мекен жайы: Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі №117 ғимарат. Байланыс телефондары: 8 /72839/ 21901, 8 /72839/ 21344.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ Аудан тұрғындарының назарына!
Дата публикации
27 ноября 2024