Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 17-68 «Сарқан ауданының 2024-2026жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 17-68 «Сарқан ауданының 2024-2026жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданының  2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 17-68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №191691 болыптіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

1.«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 7 798 057 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 1 248 536 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 54 752 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 43 256 мың теңге;

трансферттер түсімі 6 451 513 мың теңге;

2) шығындар 8 661 035 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу  33 284 мың теңге, оның ішінде:

          бюджеттік кредиттер 73 840 мың теңге;

   бюджеттік кредиттерді өтеу  40 556 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) -896 262 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                        896 262 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 661 257 мың теңге;

қарыздарды өтеу 40 556 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 275 561мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

М. Разбеков

 

Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 17-68 «Сарқан ауданының 2024-2026жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
12 ноября 2024