Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібін сақтамау бойынша 11 факті анықталды

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібін сақтамау бойынша

11 факті анықталды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызметтер  көрсету барысында заңдылықтын сақталуының қамтамасыз ету мақсатында    2024 жыл басынан бері облыс көлемінде мемлекеттік органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қашықтықтан байқау жүргізіп, қызмет берушілер тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.

Мәселен, ҚазақстанРеспубликасыАуылшаруашылығы министрінің 2020жылғы1қазандағы№301бұйрығыменбекітілген «Жеручаскесініңнысаналымақсатынөзгертугешешімберу»мемлекеттіккөрсетілетін қызмет қағиданың                   6-тармағының 5-тармақшасына сәйкескелісушімемлекеттікоргандарменөзге де ұйымдардантерісқорытындытүскенжағдайда көрсетілетін қызметті алушығаолтүскенсәттенбастап2жұмыскүні ішінде сәулетжәне қала құрылысы құрылымдықбөлімшесідәлелді бас тартуды жібереді.

Ал, елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш түскен жағдайда облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден дәлелді бас тартуды жібереді.

Алайда, көбінесе дәлелді бас тартуларды аудан/қалалар әкімдерімен берілгендігі анықталды.

Бүгінгі күні көрсетілетін қызметті берушілер үшін тиісті оқыту семинарлары өткізілді және Департаменттің ерекше бақылауына алынды.

 

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібін сақтамау бойынша 11 факті анықталды
Дата публикации
08 ноября 2024