Ақпараттық хабарлама

 

 

«Sarqan» газеті ЖШС 2024 жылы 8 желтоқсан күні өтетін №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сарқан ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутат сайлауы қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың шарттары, тәртібі және төлем мөлшері туралы  хабарландырады.

Газеттің басылым алаңының мөлшері және төлем тәртібі

Үгіттік және ақпараттық материалдарды орналастыру үшін басылым алаңы төлемінің мөлшері: аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін және барлық деңгейдегі сайлауға хабарландырулар мен сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау және журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақалалар мен модульдерді орналастыру үшін 1 шаршы см. төлемінің мөлшері - 250 теңге, газеттің интернет ресурсындағы (сайт) әрбір сөзіне – 30 теңге.

Төлем газет берген есепшот негізінде мұндай есепшот берілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.

Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген газеттің банктік реквизиттеріне төленеді.

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
04 ноября 2024