Жоба
Сарқан ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9,75 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес,Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 11 819 817 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 1 332 300 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 76 375 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 35 360 мың теңге;
трансферттер түсімі 10 375 782 мың теңге, оның ішінде:
2) шығындар 11 819 817 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 73 726 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 116 310 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 42 584 мың теңге;
4) қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо 0 теңге,
оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) -73 726 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 73 726 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 116 310 мың теңге;
қарыздарды өтеу 42 584 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары − 0 теңге.».
Сарқан аудандық
мәслихатының төрағасы