№ 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сарқан ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Сарқан ауданының комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сарқан ауданының шығып қалған мәлихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Сарқан аудан мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы «SARQAN» аудандық газетінде және Сарқан ауданы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық газетінде орналастырсын.
|
Төраға
|
М. Естеуов
|
|
Хатшы
|
Ш. Нургалиева
|