Хабарлама Сарқан ауданы Бақалы ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы

Хабарлама

Сарқан ауданы Бақалы ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы

 

          2024 жылғы 15 қыркүйекте Бақалы сайлау округі бойынша Бақалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

         Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

 

         Бақалы округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1000 азамат енгізілді, олардың 883-і (88,3%) дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, "бәріне қарсы" деген жолда -0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Бекбосынов Дархан Касымханович. - 125 адам (14,4%)

          Жанабеков Айдар Ыргалбекович. – 660 адам  (76,1%)

          Омарова Гульназым Адилгазиевна. – 82 адам  (9,5%)

         

         

          Бақалы ауылдық округінің сайланған әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша 1983 жылы туған Жанабеков Айдар Ыргалбекович Бақалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды, зейнеткер. Талдықорған қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну.

          Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11-бабынының 1 тармағына сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйекте  сайланған Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 15 қыркүйектегі шешімімен тіркеді.               

 

Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Хабарлама Сарқан ауданы Бақалы ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
Дата публикации
16 сентября 2024