Жетісу облысының прокуратурасы мен Жетісу облысының әкімдігі бірлесіп «Заң бойынша жер» жобасын іске асыруды бастады.
Шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бүгінгі күні қолмен жүргізіледі.
Әділдікті және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Заң бойынша жер» жобасы аясында ақпараттық жүйе әзірленуде. Мұнда жерді бөлудің барлық процедурасы цифрландырылады.
Жүйе Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Әділет министрлігінің, Қаржы мингистрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базалармен байланыстырылуда.
Республика бойынша ең алғаш рет пилоттық режимде облыстың Сарқан ауданында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге конкурс өткізу жоспарлануда.
Бұл конкурстың ерекшелігі жергілікті атқарушы органның қызметкерлері қатыспайды және инвестиция көлемі ескерілмейді. Кемінде бес жыл тұрған жергілікті азаматтар мен кәсібін үш жылдан артық емес жаңадан бастағандарға артықшылығы көрсетілген, техникалары, мал бастары кемінде он екі ай бұрын тіркелегендер есепке алынады, ауылшаруашылық мамандарының болуы ескеріліп, балл беру арқылы жеңімпаз анықталады.
Сонымен қатар, кейбір азаматтар бұл электрондық конкурсқа қатыса алмайды. Олар:
- шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар (ҚР азаматтығын алмағандар);
- жер учаскелерінің көлемі шекті мөлшерден асқан шаруашылықтар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 қаулысы);
- сот тәртібімен қайтарылған жер учаскелері бар шаруашылықтар;
- салық берешектері бар шаруашылықтар.
Деректерді мемлекеттік дерекқорынан және ақпараттық жүйелерден автоматты режимде алған жағдайда веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Электрондық конкурс төмендегідей балдар беру арқылы жүзеге асырылады:
егістік үшін:
1) белгіленген тәртіппен тіркелген, меншіктегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы болған кезде (өтінім беру сәтінде соңғы 12 ай ішінде):
25-тен 100 ат күшіне дейін – 3 балл;
100-ден 1000 ат күшіне дейін – 5 балл;
1000-нан 5000 ат күшіне дейін – 7 балл;
5000 ат күшінен артық – 10 балл;
2) ауылдық жерде тұрғылықты жері бойынша тіркелгені үшін (өтінім беру сәтінде кемінде бес жыл):
ауданда немесе облыстық маңызы бар қалаларда – 3 балл;
ауылдық округте – 5 балл;
3) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне – 3 балл;
4) қызметкерлердің болғаны үшін (өтініш беру сәтінде әрбір қызметкерде соңғы үш айда зейнетақы және салық аударымдары болған жағдайда):
5 қызметкерге дейін – 1 балл;
5 және одан да көп қызметкерден – 2 балл;
5) ісін жаңа бастаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (жеке тұлғалар) үшін – 5 балл;
6) әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде болғаны үшін – 3 балл;
жайылымдық және шабындық жерлерге:
1) мал бастары болғаны үшін (Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорының мәліметтері бойынша өтінім берген кезде соңғы 12 ай ішінде орта есеппен):
10-нан 50 шартты басқа дейін – 3 балл (ІҚМ – 0,8, ҰҚМ – 0,1, жылқы – 1,0);
50-ден 100 шартты басқа дейін – 5 балл;
100-ден 500 шартты басқа дейін – 7 балл;
500-ден астам шартты бас – 10 балл;
2) белгіленген тәртіппен тіркелген, меншіктегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы болған кезде (өтініш беру сәтінен 12 ай бұрын):
25-тен 50 ат күшіне дейін – 3 балл;
50-ден 100 ат күшіне дейін – 4 балл;
100 ат күшінен жоғары – 5 балл;
3) ауылдық жерде тұрғылықты жері бойынша тіркелгені үшін (өтініш беру сәтінде кемінде бес жыл):
ауданда немесе облыстық маңызы бар қалаларда – 3 балл;
ауылдық округте – 5 балл;
4) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне – 3 балл;
5) қызметкерлердің болғаны үшін (өтініш берген сәтте әрбір қызметкерде соңғы үш айда зейнетақы және салық аударымдары болған жағдайда):
3-тен 10 қызметкерге дейін – 3 балл;
10-нан 20 қызметкерге дейін – 4 балл;
20 және одан да көп қызметкерге – 5 балл;
6) ісін жаңа бастаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (жеке тұлғалар) үшін – 5 балл;
7) әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде болғаны үшін – 3 балл.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру сәтінде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан кем болатын дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының азаматтары ісін жаңа бастаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылады.
Конкурстың қорытындысы бірден жарияланады.
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қызметкері (бұдан әрі – жалға берушi) конкурсты ұйымдастыру үшін веб-порталда конкурс өткізілгенге дейін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарламаны орналастырады.
Конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу конкурс басталғанға дейін бес жұмыс күні бұрын жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Конкурс өткізу туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жалға берушi конкурс өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында жариялауды, ауылдық округінің арнайы ақпараттық тақтайшаларында орналастыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, конкурсқа қатысушылар өзінің өтінімін ҚР Қаржы министрлігінің сайтында әзірленіп жатқан бағдарламасының сілтемесі арқылы электронды цифрлық қол таңбасымен тіркеліп өтінімін қалдырады. Ол үшін конкурсқа шығарылған жер учаскесін лотқа сәйкес таңдап растайды.