Сарқан ауданы Бақалы ауылдық округі әкімін тағайындау жөніндегі сайлау туралы

 

 

 

 

Сарқан ауданы Бақалы ауылдық округі

әкімін тағайындау жөніндегі сайлау туралы

 

               Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Сарқан аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарқан ауданының Бақалы  ауылдық округінің әкімін сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйек айына тағайындалсын.
  2. Сарқан аудандық Бақалы ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Сарқан ауданы әкімдігі сайтының «Сайлау»  интернет-парақшасына және  жергілікті аудандық  «SARQAN » газетінде жариялансын.

                4.Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ш.Нургалиеваға жүктелсін.

 

 

         Төраға                                                                            М. Естеуов

 

        Хатшы                                                                           Ш. Нургалиева

                             

 

 

 

Сарқан ауданы Бақалы ауылдық округі әкімін тағайындау жөніндегі сайлау туралы
Дата публикации
07 августа 2024