Хабарлама
Сарқан ауданы Лепсі ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
2024 жылғы 4 тамызда Лепсі сайлау округі бойынша Лепсі ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Лепсі округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1848 азамат енгізілді, олардың 1523-і (82,4%) дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, "бәріне қарсы" деген жолда -0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кунбосынова Ардак Сериковна. - 356 адам (23,6%)
Қияс Ақтөре. – 1152 адам (76,4%)
Лепсі ауылдық округінің сайланған әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша 1993 жылы туған Қияс Ақтөре Лепсі ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Жетісу облысы білім басқармасы ММ, бас маман. Талдықорған қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11-бабынының 1 тармағына сәйкес 2024 жылғы 4 тамызда сайланған Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 4 тамыздағы шешімімен тіркеді.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы