Хабарлама
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
2024 жылғы 21 шілдеде Көктерек сайлау округі бойынша Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сарқан ауданының Көктерек ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Көктерек округі бойынша сайлаушылар тізіміне 347 азамат енгізілді, олардың 293-і (84,4%) дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, "бәріне қарсы" деген жолда -0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Сабитов Мирхат Ташболатович. - 71 адам (24,2%)
Смагулов Серик Курманович. – 221 адам (75,4%)
Көктерек ауылдық округінің сайланған әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша 1966 жылы туған Смагулов Серик Курманович Көктерек ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Сарқан ауданды Көктерек ауылдық округінің әкімі, Көктерек ауылының тұрғыны, Партия «Amanat» .
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11-бабынының 1 тармағына сәйкес 2024 жылғы 21 шілдеде сайланған Сарқан ауданының Көктерек ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 21 шілдедегі шешімімен тіркеді.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы