Сарқан ауданы Лепсі ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округін құру туралы

 

 

Сарқан ауданы Лепсі ауылдық округі

әкімін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округін

құру туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармақшасына және 22-бабына сәйкес Сарқан аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарқан ауданы Лепсі ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Лепсі  округінің шекарасындағы Лепсі сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы Сарқан ауданы әкімдігі сайтының «Сайлау» интернет-парақшасына, «sarkan_sailau» инстаграмына  және жергілікті аудандық      «SARQAN» газетінде жариялансын.

3 Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ш.Нургалиеваға жүктелсін.

 

 

 Төраға                                                                      М.Естеуов

 

           Хатшы                                                                    Ш.Нургалиева

                             

 

 

 

Сарқан ауданы Лепсі ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округін құру туралы
Дата публикации
26 июня 2024