| № р / с | Мемлекеттік қызметтің атауы | Мемлекеттік қызметтің кіші түрлері | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштерді қабылдауды және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын органның атауы, кеңсе / веб-портал / ХҚКО | Ақылы/тегін | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз/ проактивті/ "бір өтініш"қағидаты бойынша көрсетілетін) | Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы | НҚА сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері (жұмыс күндері) |
| 1 | Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы жарнама объектілерін орналастыруды келісу | ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы " акционерлік қоғамының облыстық филиалдары. | Электрондық үкіметтің Веб-порталы (бұдан әрі-портал). | Тегін | Электрондық (толық автоматтандырылған). | Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 маусымда № 18803 болып тіркелді. |
5 күн | |
| 2 | Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару | Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері – өнеркәсіптік объектілерде пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою, есептен шығару кезінде; Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары – әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою, есептен шығару кезінде |
Электрондық үкіметтің Веб-порталы www.egov.kz | Тегін | Электрондық (толық автоматтандырылған). | Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қыркүйекте № 24574 болып тіркелді. |
3 күн |
| 3 | Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау | Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
портал арқылы. | Тегін | Электрондық (толық автоматтандырылған). | Жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 12353 болып тіркелді. | 5 (бес) жұмыс күні. | |
| 4 | Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту | Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары | портал арқылы. | Тегін | Электрондық | "Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 мамырда № 20587 болып тіркелді. |
4 күн | |
| 5 | Ағаштарды кесуге рұқсат беру | Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары | портал арқылы. | Тегін | Электрондық | "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және "жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 318 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 мамырда № 18712 болып тіркелді. |
10 жұмыс күні |