Протездік ортопедиялық бұйымдарға 132 дана 9 млн 729 мың 300 теңге;
Міндетті гигиеналық бұйымдарға 549 дана 47 млн 704 мың 800 теңге;
Сурдотехникалық бұйымдарға 18 дана 3 млн 147 мың тенге;
Тифлотехникалық бұйымдарға 34 дана 4 млн 449 мың тенге;
Кресло-арба бұйымдарына 33 дана 5 млн 733 мың теңге;
Ымдау тілі маманының қызметіне 9 мүмкіндігі шектелген азаматтарға 2 млн 138 мың 200 теңге;
Жеке көмекшінің қызметіне 25 мүмкіндігі шектелген азаматтарға 21 млн 658 мың 200 теңге;
мекемелер мен кәсіпорындардың тізіміне сәйкес, 8 мүгедектігі бар адамдар жұмыста орналастырылды. Атап айтқанда, Ақын Сара атындағы орта мектебіне 1 адам, Алмалы орта мектебіне 2, Н. Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп лицейіне 2 адам, «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 1 адам, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебіне 1 адам , Аудандық ауруханаға 1 адам.
111 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мониторинг жүргізілді. Ағымдағы жылы, бейімдеуге жататын 11 мемлекеттік басқару объектілері нысандарға (мемлекеттік мекемелер – 11 қала, ауыл әкімдіктерінің аппаратына,) мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстарына 49 млн 548 мың теңге қаржы бөлініп бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік Кодексін жүзеге асыру барысында Е-халық ақпараттық жүйесі арқылы 2023 жыл басынан 369 отбасына 1964 азаматқа 237 млн 261 мың 049 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке еңбекке қабілетті 589 азамат тіркеліп, соның ішінде 7 азамат қоғамдық жұмысқа, 25 азамат тұрақты жұмыс орнына, 1 азамат қайта даярлау курстарына тартылып, 2 азаматқа мемлекеттік грант берілді.